4 наурыз күнгі ауа райы болжамы
4 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын болжанады, деп хабарлайды KzNews «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Қостанай облысында 15-20 м/с екпінде жел тұрып, күші 23 м/с артады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел болады. Күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, жекелеген аумақтарда жаяу бұрқасын болжанады. Ақмола облысының кей жерлерінде, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Жекелеген аумақтарда тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Жамбыл облысында желдің күші 23 м/с артады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жекелеген аумақтарда көктайғақ болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.
Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с артады.