30 сәуірде күн тұтылады

0

ҚазАқпарат – 2022 жылы алғаш рет 30 сәуірде күн тұтылады. Бұл туралы Мәскеу планетариясы ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы алғаш рет 30 сәуірде күн тұтылады. Күннің тұтылғанын Антарктидада, Оңтүстік Америкада, Тынық мұхитының оңтүстік-шығысынан көруге болады» делінген хабарламада. Алдағы астрономиялық оқиғаның ерекшелігі — 30 сәуірдегі күннің тұтылуы 2022 жылы алғашқы тұтылу дәлізін ашады, ол 16 мамырға, ай тұтылғанға дейін жалғасады. Бұл күні, 2022 жылдың 16 мамырында, ай тұтылады. Ол Солтүстік және Оңтүстік Американың көп бөлігінде, сондай-ақ ішінара Африка мен Еуропада көрінеді. Бұл табиғат құбылысы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9:14-те болады. 2022 жылдың астрономиялық күнтізбесінде тұтылудың екі дәлізі бар: 2022 жылдың 30 сәуірінен 16 мамырына дейін және 2022 жылдың 25 қазанынан 8 қарашасына дейін. Барлығы 2022 жылы 4 рет (2 рет күн және 2 рет ай) тұтылады.