Асхат Аймағамбетов елордалық мұғалімдерге ауызашар берді (фото)

0
795
Фото: Facebook/Askhat Aimagambetov

 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қасиетті Рамазан айында педагогтерге ауызашар берді. Бұл туралы министрлік басшысының ресми Facebook парақшасынан белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асхат Аймағамбетов ауызашарға елордалық мұғалімдерді шақырған. Ол Facebook парақшасында әріптестерімен бір дастархан басында отырған суретін бөлісті. «Қасиетті Рамазан айында елордалық мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерді ауызашарға шақырдым. Осы мүмкіндікті пайдаланып, әріптестерімізбен білім саласындағы мәселелер төңірегінде де әңгіме өрбіттік. Ұстаздармен әңгімелесіп, жылы, ауызашар болғанына, білім саласындағы тақырыптар жайында әңгімелесіп, пікірлері мен ұсыныстарын тыңдағаныма өте қуаныштымын. Уақыт бөліп келген әріптестеріме алғысымды білдіремін», — деп жазды ол.