30 градус аяз. Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Павлодар облысында түнде 35-40 градус аяз болады. Арасында тұман болуы мүмкін.
Алматы облысында түнде 30 градусқа дейін қатты аяз болады, кей жерлерде тұман түседі. Ал Талдықорғанда ауа температурасы 30-32 градусқа дейін төмендейді.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыс желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында және Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-шығыс жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.