3 маусым қандай күн: тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0
149

Григориан күнтізбесінде 154-ші күн, жыл соңына дейін 211 күн бар

3 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

3 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – дүниежүзілік велосипед күні. Өткен жылы 12 мамырда БҰҰ Бас ассамблеясы бұл күнді халықаралық күндердің тізіміне қосты. Халықаралық ұйым бұл мерекені экологияның бұзылуының алдын алып, денсаулықты жақсартуда велосипедті пайдалануды насихаттау үшін енгізген.

3 маусым – парашюттің туған күні. Бірінші парашютті 1483 жылы италиялық өнертапқыш Леонардо да Винчи құрастырды деген деректер бар. 1785 жылы 3 маусым күні француз өнертапқышы Франсуа Бланшар 300 метр биіктіктен парашют арқылы итті төменге түсіріпті. Сынақ сәтті аяқталған. Кейін оның жерлесі, аэронавт Андре-Жак Гарнерен жаңа парашютті сынақтан өткізген. Ал 1911 жылы әлемде алғаш рет арқаға асатын парашютті орыс өнертапқышы Глеб Кательников жасады.

Сондай-ақ бүгін – дүниежүзілік майтабандылық күні. Бұл күнді халықаралық Ponseti International қауымдастығы бекіткен. Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру.

3 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1539 жылы Флорида Испания корольдігінің иелегіне өтті;

1540 жылы Эрнандо де Сото еуропалықтардың арасында бірінші болып Аппалачи тауын кесіп өтті;

1837 жылы Лондонда әлемде алғаш рет кедергілермен жүгіру белгілері орнатылған ипподром ашылды;

1970 жылы бірінші рет жасанды ген синтез жолымен алынды.

3 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1925 жылы Қырғызстанмен шекараны межелеуге байланысты Шу облысы «уезд құқығындағы аудан» мәртебесін алды;

1988 жылы Қазақ КСР жоғарғы кеңесі Жарлығымен халыққа білім беру министрлігі құрылды. Бұл министрлік Қазақстан президентінің 1992 жылы 8 мамырдағы жарлығымен білім министрлігі болып қайта құрылды;

1999 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішіндегі кіші Ақсарайға қазақтың хандары мен билерінің мүрделері қайта жерленді;

1999 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ана тілінің айбары» белгісі тапсырылды;

2011 жылы Шымкентте алғаш рет туа біткен ерін ақаулығы бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды;

2013 жылы Шығыс Қазақста облысы Үржар ауданында жүргізілген қазба жұмыстары барысында қорғаннан сақ ханымының мүрдесі табылды;

2014 жылы Венгрияда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

3 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1843 жылы ғалым, табиғат зерттеушісі, өсімдік физиологиясы орыс мектебінің негізін қалаушы, Петербург ғылым академиясының негізін қалаушы Климент Тимирязев  дүниеге келді;

1929 жылы атақты кеңес тележүргізушісі, РКФСР-ның халық әртісі Людмила Соколова дүниеге келді;

1953 жылы бразилиялық әнші, Kaoma музыкалық тобының мүшесі, атақты «Ламбада» әнін орындаушы Лоалва Браз дүниеге келді;

1977 жылы Ресей театр және кино актері Петр Красилов дүниеге келді. Ол «Бедная Настя» сериалында Михаил Репнин атты князьдің рөлін сомдаған болатын;

1982 жылы ресейлік жеңіл атлет, екі дүркін Олимпиада чемпионы (2004, 2008), Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Елена Исинбаева дүниеге келді.

3 маусымда Қазақстанда кім туды

1910 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Константин Баранов дүниеге келді;

1923 жылы қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы, суретші және анимациялық кино-режиссері Әмен Қайдаров дүниеге келді;

1938 жылы экономика ғылымының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Көпжасар Нәрібаев дүниеге келді;

1943 жылы жазушы Орынкүл Тәжиева дүниеге келді;

1950 жылы заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан конституциялық кеңесінің мүшесі Аманжол Нұрмағамбетов дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Болашаққа жоспар құруға қолайсыз күн. Сондықтан бұл күні ғибадатханаға барып, дұға оқыңыз. Арман-тілектеріңіз қабыл болуы мүмкін.



sputniknews.kz