28 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

0

2018 жылғы 27 желтоқсан 19:50 215

28 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат — «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстанда 28 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.15-те Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де ЭКСПО аумағындағы B 2.2.павильонында орналасқан «Elektrondyq qyzmet ortalyǵy»-нда «Тілектер шыршасы» акциясы басталады.

Сағат 12.00-де «Астана» концерт залында балаларға арналған жаңа жылдық «Қар патшайымы» ертегісін тарту етіледі. Симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі — Берік Батырхан, бас дирижері — Ернар Нұртазин.

Сағат 15.00-де «Үкімет үйінде» ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен «Президент Жолдауы аясында туризм мен спортты дамыту» туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16.20-дa Орталық коммуникациялар қызметінде тұрғын үй құрылысын кепілдендіру жұмысының 2018 жылғы қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 17.00-де Astana Hub үшінші үдеткіш бағдарламасының нәтижелерін қорытындылайды.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған «Қазіргі заман және тарихи өткенді әлеуметтану» тақырыбында Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы Президиумының кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 14:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстандағы ағылшын тіліндегі «WonderFest!» атты оқушылар фестивалі өтеді.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz