28, 29, 30 қарашада ауа райы қандай болады: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент

Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың басым аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады
НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазгидромет 28-30 қараша күндеріндегі ауа райына болжам ұсынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидромет ақпаратынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанда антициклон әсерінен бірқалыпты аяз, ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық және 1…4°С-қа төмен болады деп болжанып отыр.
«Қауіпті құбылыстарға тоқталсақ, түнде және таңғы уақытта жолды көру мүмкіндігі 100…500 метрге дейін нашарлайды, тұман және көктайғақ күтіледі», — деп ескертті синоптиктер.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 28 қарашада күн ала бұлтты. Түнде -10°C, күндіз -9°C.
- 29 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -14°C, күндіз -8°C.
- 30 қарашада күн ашық. Түнде -17°C, күндіз -11°C.
Алматы
- 28 қарашада күн ала бұлтты. Түнде -8°C, күндіз -4°C.
- 29 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -8°C, күндіз -4°C.
- 30 қарашада күн ашық. Түнде -7°C, күндіз -3°C.
Шымкент
- 28 қарашада күн ашық. Түнде -7°C, күндіз +4°C.
- 29 қарашада күн ашық. Түнде -4°C, күндіз +5°C.
- 30 қарашада да ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -3°C, күндіз +8°C.
sputniknews.kz