Қырғызстан президенті Тоқаевты Бішкек әуежайынан қарсы алды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.  

«Президентті Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков қарсы алды», — деп жазды Уәли фейсбуктегі парақшасында.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланған. Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.

Бұдан бөлек, Тоқаев қырғыз әріптесімен бірге «Ата-бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешені мен Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне барады.

Ал ертең, 28 қарашада Қазақстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.



sputniknews.kz