26 зейнеткерді өлтірген 38 жастағы қылмыскер 9 жылдан кейін ұсталды

0

38 жастағы қазандық слесарь 26 зейнеткерді өлтіргенін мойындады, бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті хабарлады.

Күдікті кісі өлтіруді 2011-2012 жылдар аралығында Ресей Федерациясының Орталық, Еділ және Орал федералды округтарының 12 субъектісінің аумағында жасаған.

«Оқиға орнында табылған биологиялық объектілерді және басқа да қылмыс іздерін сот-сараптамалық зерттеу мен талдау нәтижелері бойынша барлық әрекеттерді бір адам жасағандығы анықталды. Бұны шабуылдаушының генотипі мен іздерінің сәйкес келуі, сондай-ақ оның әрекеттерінің стереотиптік сипаты көрсетті», — делінген хабарламада.

Сарапшылар 10 мыңнан астам салыстырмалы генетикалық сараптама жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ол 38 жастағы слесарь Радик Тагиров болып шықты. Ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Қазір күдікті кінәсін мойындап отыр, генетикалық сараптама жүргізілуде.