257 млн. теңге: Алматылық әйел алаяққа қалай алданғанын айтып берді

0

Халықаралық компанияда 25 жыл бойы белді қызмет атқарған Алматы қаласының тұрғыны Алтынай Үсенованың жан айқайы, қылмыскер жазасын алып, материалдық шығынын өтесе дейді. Істің нақ мән-жайы 8 жылдан бері достық қатынаста болған Олжас есімді азаматқа шүбәсіз сенгендігімнен болды дейді арызданушы.

Қырғызстаннан картоп өнімін әкеліп ірі сауда орындарына сатамыз деп 1 миллион долларлық сауатты жасалған келісім шарттары арқылы күдікті Алтынайды өз ісіне сендірген көрінеді.

Ұзақ уақыт бойы сенат аппаратында қызмет атқарған Олжастың әкесі белді, белгілі азаматтардың  қатарынан болғандықтан, еш ойланбастан 257 миллионды қолына ұстата салғанына өкінгеннен басқа амалы қалмағанын  айтады. Талай жылдар бойы маңдай терімен тірнекетеп жинаған ақшасының алаяққа қолды болғаны қатты қынжылтқанын алға тартуда. Жиғаннан бөлек екі бірдей пәтерін сатып,  бүгінде хостельді паналауға мәжбүр болған Алтынайдың күйі ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық.

Алтынай Үсенова

Бизнеске инвестиция салып, жасалған  әр келісімшарттан 40 пайызды аламын деп сенім артып,  өмірлік қаражатынан айырылған.  Алтынайдың қазіргі бар арманы — тергеу ісі дұрыс жүргізіліп, қылмыскер жазасын алып, материалдық шығынының өтелуі. Арманы деп айтудың бір сыры жәбірленушінің адвокаты Ренат Наинбаевтың айтуынша, қылмыстық істің жүргізілуі баяу, барлық дәлелдерді қолдарына ұстатқанмен, Олжас Сыдықовтың жазасына қатысты нақ әрекеттердің болмауында.

Жәбірленуші тарапты  күдікті қамауға алынғанымен әлі күнге дейін тергеу барысында толық нәтиже жоқтығы, дүние-мүлкіне еш бұғат қойылмағандығы алаңдатады.  Іс бұрмаланып, қылмыскер жазадан құтылады деген қорқыныш барын айтады. Қылмыстық өндірістегі тергеу амалдары толыққанды жүзеге асырылып, өмір бойы жиғанымды қайтару, алаяқтың жазасын алуы менің бар мақсатым,- дейді Алтынай өз сөзінде.

Бұл істің ашылуы болашақта әр адамға сабақ болары сөзсіз. Алаяқтардың қазіргі заманда көптігі, жат тұрмақ жаныңдағы жақыныңа сенудің өзі қауіпті екені осы істен-ақ байқалатыны сөзсіз.

Серік Сыдықов

Айта кету керек, Олжас Сыдықов 25 жыл сенат аппаратында басшылық қызмет атқарған, қазіргі орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың жалғыз ұлы. Жәбірленуші тергеу жұмыстарының дұрыс жүрмеуінің себебін әкесінің тікелей ықпалымен байланыстырады.