Алматыдағы банк маңында «мәйіт» табылды: Полиция түсініктеме берді

0

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы аудандардың бірінде табылған жас жігіттің мәйіті туралы ақпарат пайда болды. Оқиғаға полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

«Ақсай-2, банктің жанында. Шамасы, жас жігіттің мәйіті», — делінген хабарламада.

Полиция оқиға орнына барып, оның мас адам екенін анықтады.

«Ол мас болған, жедел жәрдем оны алып кетті», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.