25 жасқа толған блогер Камила Әділхан туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото)

0
91

«Қалаулым» жобасы арқылы қалың көпшілікке танылған Камила Әділхан 25 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Камила Әділхан жаңа жасын Алматының қымбат мейрамханаларының бірінде атап өтті. Блогер жеке мерекесіне жақын туыстарымен қатар жұлдызды достарын да шақырған. Олардың арасында Айнұр Асқарқызы, Аша Матай, Анна Данченко және еліміздің бірқатар танымал тұлғалары бар. Желі жұлдызы өз тойында көпшілік алдына екі түрлі образда шыққан. Ол мерекелік шараның басында қызғылт түсті көйлек кисе, тойдың екінші бөлімінде аспан түсті киімде болды. Дүбірлі тойдың меймандары желіде түрлі видео және суреттерін бөлісуде.

«Қош келдің 25 жас. Аллаға сансыз шүкір, бүгінгі туған күн иелерінің барлығын құттықтаймын, зор денсаулық, бақыт, табыс тілеймін. Құттықтауларыңызға алдын ала рахмет, жазып жатқан тілек, ниеттеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын», — деп жазды Камила. Сонымен қатар, блогер қалың көпшілікке ұлын алғаш рет көрсетті.

«Ал батырымызбен танысып қойыңыздар. Алланың ең үлкен сыйы бізге берген — ұлымыз Нұрислам», — деп жазды ол Instagram парақшасында.