25 сәуір күні қандай шаралар болады

Қысқа сілтеме алу
Sputnik Қазақстан 25-30 сәуір аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.
25 сәуірге жоспарланған шаралар
12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі қорының жұмысына арналған тікелей эфир. Музей қызметкері Гүлзира Молдашева жәдігерлердің қалай сақталып, реставрация жасалатынын айтады (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).
19.00 — Астаналық мәдениет басқармасының «Онлайн сұхбат» бағдарламасы. Жүргізуші — қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры Асхат Маемиров. Кеш қонағы — эстрадалық әнші, актриса Айгүл Иманбаева (Тікелей трансляция — @ns_madeniet).
26 сәуірге жоспарланған шаралар
12.00 — «Декоративная рыбка в технике акварели» шеберлік сағаты. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музей қызметкері Аида Елеуова өткізеді (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).
19.00 — Астаналық мәдениет басқармасының «Онлайн сұхбат» бағдарламасы. Жүргізуші — қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры Асхат Маемиров. Кеш қонағы — театр және кино актері, театр режиссері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин.
28 сәуірге жоспарланған шаралар
17.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Язычники» (+18) қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).
29 сәуірге жоспарланған шаралар
18.00 — Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Шығармашылық карантин» айдары. Қонақта – драматург Олжас Жанайдаров (Трансляция – @aibolatjangaliuly).
30 сәуірге жоспарланған шаралар
10.00 –Сенаттың пленарлық отырысы (Отырыс онлайн режимде палатаның ресми сайтында көрсетіледі).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.
sputniknews.kz