23 шілдеде Ақтөбеде OLIMPBET Бәйгеден Қазақстан Кубогының II кезеңі өтеді

0

Байқауға қатысушылар тағы 16 млн теңге жүлде қорын сарапқа салады.

Биыл Республикада алғаш OLIMPBET Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты өтуде. Алғашқы кезеңі Алматыда шілде айының басында өтті, екінші кезеңі осы сенбіде, Ақтөбе қаласында 23 шілдеде өтеді, жүлде қоры 16 млн теңге. Барлығы 5 кезең мен финал үшін қатысушылар 100 млн теңгеден астам жүлдені бәйгеге тігеді.

OLIMPBET Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты үш тәртіпте өтеді: құнан бәйге, топ бәйге мен аламан бәйге. Бірінші орын үшін жүлде қоры 2 млн-нан 4 млн теңгеге дейін, 15 қазан 2022 жылы Алматыда өтетін финалда жеңімпаздар 3 млн-нан 6 млн теңгеге дейін алады. Екінші орыннан бесінші орынға дейін жеңімпаздарға әр кезеңде және финалда 100 мыңнан 2,2 млн теңге тиесілі.