Томирис Төлегенова: Тоқаев — менің Президентім
Әңгіме менің елім жайлы болса, бойымды басқаша бір сезімдер кернейді. Кейбір мәселелерге байланысты пікірімді ешкімге айта бермеймін. Мүмкіндік болса, барлық жағдайжа халқыма қолымнан келгенше көмектесемін. Бірақ қазір өз ойымды ашық білдіруді жөн санадым.
Мен өз Отанымды жақсы көремін. Мен оны саналы түрде жақсы көруге барынша тырысамын.
Орынды жерде сын айтамын. Мен Қазақстанның азаматы ретінде Тоқаев мырзаны қолдаймын. Тоқаев — менің Президентім. Мен оған алдағы уақытта дауыс беремін, себебі оның көзқарасы мен ұстанымын қолдаймын. Неге дейсіз ғой? Себеп мынада…
Тоқаевтың мансабына басынан кедергі жасағандар көп. Оған нақты басқару жүйесін бермей, қолын байлап тастады. Мүмкін сондықтан болар, халық билікті күшпен алуға тырысты. Ел дүрлігіп, қаншама азамат қаза тапты. Бұл оқиға барлығының есінде болар.
Қазіргі таңда Қостанайдағы алапат өрт қасақана жасалды деген болжам бар. Неліктен? Мен оған мынандай дәлелдер таптым:
1. Тоқаев жолдаудан бір күн бұрын Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойы Торғайда тойланатынын мәлімдеді;
2.1 қыркүйек кезектен тыс сайлау туралы хабарлады;
3. 5 қыркүйекте Тоқаев өзінің кандидатурасын ресми түрде президенттікке ұсынатынын жеткізді;
4. Қыркүйек айында өрт шығып, ол бірнеше күн бойы бүкіл аймақты қамтыды;
5. Сайлау науқаны аза тұту күніне тұспа-тұс келді;
6. Диверсия?
Ақылды адамдар саясатта кездейсоқтықтың болмайтынын айтады. Ендеше бұл да кездейсоқтық емес.
Бір қызығы, бүгін Қазақстан қонақ үйінде Демократиялық күштер коалициясының отырысы өтті. Оппозицияның танымал мүшелері жиналды. Олар нақты кандидатты ұсынған жоқ, бірақ олар сайлауға бойкот жариялауды шешті.
Менің пікірімше, Тоқаев қазіргі уақытта сенімді ақтай алатын жалғыз үміткер.
Ол — аскетист. Ол — өте ақылды адам. Ол — мемлекеттік қызметкер.
Ол биліктің жоғарғы эшелондарында 25 жыл қызмет етті, тіпті премьер-министр қызметін атқарды. Оның есімі ешқашан күрделі істер мен сот процестерінде аталған емес. KPMG халықаралық сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, 162 адам Қазақстанның әл-ауқатының жартысына жуығын иеленеді. Тоқаев бұл байлардың тізіміне кірмейді. Ол — қарапайым.
Оның реформалары болашақ дамудың бағытына оң әсер етуі мүмкін. Бірақ мен оған сенемін. Черчилль бір кездері «Сталин Ресейді сохамен қабылдады, бірақ оны атом бомбасымен қалдырды» деген еді. Тоқаев та Қазақстанды үлкен мөлшердегі қарызымен, сыбайлас жемқорлықпен, олигополиямен қабылдады. Әрі қарай оның дамуы мен жетілуіне үлес қосатынына сенгім келеді. Тоқаевтың барлық әрекеті халықтың көңілінен шыға бермейтін шығар. Алайда мен оны барынша қолдаймын.
Елден сіз үшін не істей алатынын сұрамаңыз. Алдымен еліңіз үшін не істей алатыныңызды өзіңізден сұраңыз. Қазір мен билікті оның барлық кемшіліктерімен қолдаймын. Мүмкін мен қателесетін шығармын. Бірақ пікір білдіру — менің конституциялық құқығым. Бұл ойым дұрыс па, жоқ па, уақыт көрсетеді.
Р. s. Мен істің барлығын тек сөзбен тындырмаймын.
(Қостанайға қаржылық қолдау көрсеттім. Халықтан көмек жинап, зардап шеккендерге жіберіп жатырмын. Президенттік сайлауға барып, Тоқаевқа дауыс беремін.
Қостанай облысында қайғылы оқиғаның қорқынышты салдарын азайтуға болады деп сенемін. Қазір көмек жолданды, қоныс аудару мәселесі шешілуде. Барлығы — мемлекет те, кәсіпкерлер де, бүкіл халық та елге көмектеседі.
Жазба https://www.instagram.com/p/CiIGr7Rqeh2/?igshid=YmMyMTA2M2Y= парақшасынан
Фото: azattyq.org