21 жастағы мұғалім «Атырау аруы – 2021» атанды (Фото)

21 жастағы Әйгерім Сүйінова «Атырау Аруы – 2021» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы «Қазақстан аруы» байқауының ресми парақшасында хабарланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Әйгерім Еуразия гуманитарлық университетінің студенті. Өзінің парақшасында Әйгерім ағылшын тілінің маманы екенін жазған. Сондай-ақ наурыз айында түрік тілін меңгеріп жүргенін атап өткен.
«Мен мамандық бойынша жұмыс істейтін адамдардың қатарындамын. Үшінші жыл сүйікті студенттеріме ағылшын тілі әлемін ашып келемін», – деп жазған Әйгерім.