2023 жылдан бастап мектептерде латын әліпбиі енгізіледі

0
71
Сурет: Pixapopz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 12 жылдық оқу бағдарламасына және латын қарпіне көшу туралы айтты, деп хабарлады ORDA сайты.

Министрдің айтуынша, жаңартылған жүйеге көшу 100 пайыз аяқталды.

– Барлық аймақтарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептер бейнебақылау құралдарымен 100 пайыз қамтамасыз етілген.

2023 жылдан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр. Ол үшін бізге көп жұмыс жасау керек. Атап айтқанда, мемлекеттік стандартты, оқу жоспарлары мен TUP-ны (типтік оқу жоспарлары) жаңарту. Математика, информатика және тілдер басым пәндерге айналады. Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарих бойынша бірыңғай оқулықтар енгізіледі. 2023 жылдан бастап латын графикасын енгізу жоспарланып отыр, деді Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Еске салсақ, қаңтардың соңында қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасының жобасы ұсынылған. Латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан 2031 жылдары іске асырылады.