2021 жылы Қазақстанда жаңа рақымшылық жарияланады
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде 2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді. Бұл азаматтардың және жалпы мемлекеттің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарға ғана қатысты, деп хабарлайды Akorda.kz.
Президент сонымен бірге полиция қызметін цифрландыру, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту және отандық қылмыстық-атқару жүйесінің жағдайын жақсарту туралы айтты.