ӨҚТПА-ның асқынулары | туралы қазақша

0
88

Обтурациялық жедел холецистит. Обтурациялық жедел холецистит (ОЖХ) ӨҚТПА-ның өте жиі кездесетін асқынуларьшың бірі. Оның негізінде өт қуығы түтігінің (rf. cysticus) таспен бітелуі жатады (Королев Б .А, Пиковский Д.Л., 1960). Бүгінгі таңда ОЖХ іш қуысы ағзаларында пайда болатын жедел хирургиялық аурулар арасында, жедел аппендициттен соң, екінші орын алады, ал кейінгі кезде тіпті бірінші орынға шықты деген мәліметтер бар (Ермолов А.С, 2000).

Б.А.Королев пен Д.Л.Пиковский (I960) жедел холециститтің бұл түрін, өт қуығы қабынуының басқа түрлерінен бөліп, оны хирургиялык, холецистит деп атауды ұсынған болатын. Өйткені обтурациялық холециститтің негізгі емдеу жолы хирургиялық операция болып табылады. Авторлардың пікірінше ОЖХ-тің негізінде, инфекциядан бұрын, өт қуығының түтігі таспен бітеліп, өт сұйығының қалыпты ағу жолында кедергі пайда болуы жатады. Өт сүйығының осы себептен тоқыраулануы (стаз) өт қуығы қуысындағы қысымды күрт жоғарылатады, ал ол, өз кезегінде, өт қуығы қабырғаларын қысымға түсіру себебінен, ондағы қан айналымын бұзады. Ал инфекция және басқа факторлер, көбінесе, екінші кезекте қосылады да қабыну құбылысы пайда блады. Айта       кету керек, бұл пікірдің дұрыстығын басқа да ғалымдар дәлелдеді (Дедерер Ю.М. ж. басқ., 1986) және оған күнделікті тәжірибемізде біздің де көзіміз жетті.

Сонымен, тұжырымдап айтатын болсақ өт қуығындағы жоғары деңгейлі қысым, егер оны тудыратын факторлер жойылмаса, бірінен соң бірі туатын мына төмендегідей өзгерістерге әкеледі: 1) өт қуығы қабырғасында қан айналымының бұзылуы; 2) өт қуығы қабырғаларының деструкциясы; 3) инфекцияның қосылуы (бактериохолия); 4) перивезикальді қабыну ісігінің (инфильтрат) құралуы; 5) жергілікті немесе жәйылған перитонит. Осыған орай, холециститтің бұл түрінде ауру адамның жалпы жағдайын тек хирургиялық емдеу әдістерін (холецистэтомия, өт жолдарьш декомпрессиялау т.б.) қолдану арқылы ғана жеңілдетуге болады.

Өт қуығының қабырғаларындағы морфологиялық өзгерістерге қарай ОЖХ-тің катаральді, флегмонозды, гангренозды, тесілген (перфоративті) түрлерін ажыратады. Әрине, ОЖХ-тің клиникалық көрінісі де осы аталған морфологиялық түрлеріне сәйкес болып келеді.

ОЖХ клиникалық көрінісіндегі орталық белгілердің бірі ол оң жақ қабырға асты аймағындағы ауру сезімі. Бұл сезім ОЖХ-те, ӨҚТІІА-ның асқынбаған түріндегідей, көбінесе қолайсыз (майлы, түзды, бұрыш қосқан, қуырылған т.б.) тағамдар қолданған соң пайда болады. Ал күші жағынан бұл сезім аса қатты, ауру адамның жанына батарлықтай болып білінеді.

Ауру сезімінің таралу жолдарының (иррадиация) сипаттамасына келсек, ол жоғарыда баяндалған ӨҚТПА клиникалық сатысындағы және жәй (тассыз) холециститтегі байқалатын таралым жолдарына ұқсас келеді. Дегенмен ОЖХ-те олар нақ және жиі анықталады. Аталған сезіммен қатар, пациенттер жүрек айну, кекіру, айтарлықтай жеңілдік туғызбайтын құсу және дене қызуының жоғарылауы, тілінің құрғақтануы, жүрек соғуының жиілеуі сияқты шағымдар айтуы мүмкін.

ОЖХ асқынуы туған ауру адамдарды объективтік зерттеу барысында олардың тілдері өңезделіп, құрғақтанғанын байқауға болады. Оң жақ қабырға астын көзбен шолып қарағанда, өт қуығының ұлгаюымен байланысты, сол аймақтың пішіні өзгереді (деформация). Пальпация тәсілін пайдаланып зерттегенде көлемі ұлғайған және саусақпен басыңқырағанда ауыратын өт қуығы анықталады. Осылармен бірге, қабырға асты бұлшық еттерінің ширығып, қатаюын (дефанс) сезуге болады. Ортнер, Мерфи, Щеткин-Блюмберг, Мюсси-Георгиевский симптомдары (белгілері) оң нәтижелі болып анықталады.

Клиникалық- лабораториялық зерттеу нәтижелері, ОЖХ-нің морфологаялық түріне қарай, кавда лейкоцитгер саңдарының көбейгенін (лейкоцитоз, нейтрофилез), лейкоцитарлық формуланың солға қарай ығысқанын және эррпроциттердің тұну жылдамдығының (ЭТЖ) өскенін аңғартады.

Аспапты зерттеулер арасында ОЖХ-ті анықтауда бүгінгі таңда УДЗ алдыңғы қатардан орын алады. Ультрадыбыстық зерттеуде ОЖХ мына негізгі белгілермен дәлелденеді: өт қуығы көлемінің ұлғаюы, оның қабырғаларының қалыңдауы, контурларының біркелкі болмай, олардың «шәйілуі», қабырғаларының қосарлануы (» қос қабырға белгісі»). Осылармен қатар ҮД суретте өт қуығының мойын бөлігіне тірелген тас анық көрінеді. ОЖХ диагнозын анықтауда оны жедел панкреатиттен, жедел аппендициттен, оң жақ бүйрек ауруларынан, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасынан т.б. сырқаттардан ажырату қажеттілігі туады.

Механикалың сарғаю. ӨҚТПА-ның жиі кездесетін және ауру адамдардың өміріне қауіп тудыратын асқынулар қатарына жатады. Холелитиаз ауруында механикалық сарғаюдың жиілігі 13,9-43,6% аралығын құрайды (Ганичкин А.М., 1977, Зайцев Ю.Г. және басқ., 1981, Земс-ков B.C. және басқ., 1987, Нұрмақов А.Ж., Поташов Л.В., 1993 т.б.).

ӨҚТПА-нда механикалық сарғаюдың себептері әртүрлі болады. Солардың ішінде оның негізгі және жиі себептері мыналар: өт түтіктеріндегі тастар (холедохолитиаз), өтжолдарының (холедохтың) терминальді бөлгінің тыртықты тарылуы және индуративті панкреатит. Аталған себептер асқынудың бастапқы кезеңінде бауыр ішінде орналасқан түтікшелерде өт сұйығының жиналуын (холестаз), одан соң оларда қысымның жоғарылауын (өт гипертензиясы) тудырады. Ал ұзақ мерзімге созылған өт гипертензиясы, өз кезегінде, өт сұйығының қан тамырларына қарай өтіп, ауру адамның организміне жәйіліп, тарауына әкеледі (холемия). Холемия, механикалық сарғаюдың пайда болу мерзіміне қарай, қосымша аурулар мен патологиялық құбылыстар тудырады. Мысалы, механикалық сарғаю бауыр клеткаларында (гепатоцитгерде) морфофункционалдық өзгерістер тудырып, соңынан олар бауыр қызметінің жетіспеушілігінің пайда болуының негізгі себебі болады. Сондықтан механикалық сарғаю асқынуының белгілері пайда болған жағдайда оны тез анықтап, кешіктірмей ем шараларын қолдану өте қажет. Өйткені, ұзақ мерзімге созылған механикалық сарғаю, басқа қолайсыз және қауіпті жағдайлармен қатар, түбінде бауыр циррозын тудырып, пациенттің өліміне әкелуі ықтимал.

Механикалық сарғаюдың негізгі белгілері, көбінесе, ӨҚТПА-ның кезекті қатты, ұстама тәрізді (приступ) ауру сезімінен соң 1-2 күннен соң пайда бола бастайды. Осы мерзім аралығында ауру сезімі бәсендеуі мүмкін, бірақ біртіндеп пациенттер тері қабаттарының қышуы, зәрлерінің қою-қоңыр түсті, ал нәжістері ақшыл болып түсуі сияқты белгілерге шағымданады. Одан соң көздің ақ қабығы және тері қабаты сарғая бастайды, тері қышуы үдей түседі. Қандағы билирубин деңгейі жоғарылайды (қалыпты деңгейі — 1,7-20,5 мкмоль/л), зәрде өт пигменттері пайда болады, ал нәжісте, қалыпты жағдайда болатын, стеркобилин жоғалады.

Сарғаю пайда болған жағдайда оның механикалық, гемолитикалық, паренхиматоздық түрлерін бір-бірінен ажырату қажеттілігі туады. Өйткені сарғаюдың кейінгі екі түрінде хирургиялық ем қолданылмайды немесе ондай қажеттілік өте сирек кездеседі. Аталған сарғаюларды бір-бірінен ажырату, негізінен, мына төмендегі белгілерді анықтау арқылы жүргізіледі (1-ші кесте).

Айта кету керек, механикалық сарғаюдың себебін және оның өт жолдарында орналасқан деңгейін анықтау оңай емес. Сонымен қатар, бұл асқынуда бауырға түсетін ауыртпашылықты жеңілдету мақсатымен, оларды анықтау көпке созылмуы қажет. Ол үшін ауру адамдардың шағымдарын, объективтік, лабораториялық зерттеулер нәтижелерін мұқият талдаумен қатар күрделі аспаптық зерттеулер (УДЗ, ЭРХПГ, компьтерлік томография т.б.) қолданылады.

Жедел холангит. Өт түтігіндегі тастар (холедохолитиаз) өт сұйығының қалыпты ағатын жолдарында бөгет тудыруы түтіктерде инфекцияның шөгуіне және қабыну процесінің (холангит) дамуына жол ашады. Іріңді жедел холангит өте қауіпті және емі күрделі асқынулар қатарына жатады. Оның клиникалық көрінісі негізгі үш белгімен сипатталады (Шарко үштігі). Біріншісі дене қызуының жоғарылауы; екіншісі дененің қалтырап, тоңазуы (озноб) және үшіншісі көз бен тері қабатының сарғаюы. Осыларға қоса пациентгер жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі сияқты, яғни организмнің инфекциядан улануын сипаттайтын шағымдар айтуы мүмкін. Жедел холангит көп мерзімге созылса бауыр паренхимасында адам өміріне қауіпті ірінді ошақтар тудырыуы ықтимал (бауырдың холангиогенді абсцестері). Стеноздаушы папиллшп. Өт қуығындағы ұсақ тастардың ет түгіктеріне шығып он екі елі ішекке қарай ығысуы (миграциясы) холедохтың терминалды бөлігіне немесе он екі елі ішектің үлкен емізшесіне тұрақты механикалық әсерін тигізіп отырады. Ондай әсердің көп мерзімге созылуы және жиі қайталануы аталған аймақтарда қабыну құбылысының, одан соң фиброзды және тыртықты өзгерістердің пайда болуына себеп болады. Түпкі нәтижеде олар холедохтың терминалды бөлігінің тарылуына (стеноз) әкеліп тірейді. Бұл құбылыс, өз кезегінде, холестаз, өт жолдарының гипертензиясы мен олардың кеңеюін тудырады. Стеноздаушы папиллиттің клиникалық барысында, органикалық өзгерістердің даму сатысына қарай, үш дәрежесін ажыратады: бірінші дәрежелік стенозда тарылу анықтағанмен айтарлықтай функционалдық өзгерістер тумайды; екінші дәрежеде стеноз холедохтың кеңеюімен (12-15 мм.) сипатталады; үшінші дәрежелік стеноз, немесе анық стенозда холестазға тән клиникалық белгілер толық анықталады. Стеноздаушы папиллит және оның даму сатылары УДЗ, фибродуоденоскопия, холецистохолангиография, ЭРХПГ сияқты аспаптық зерттеулермен дәлелденеді.

ӨҚТПА-н және оның асқынуларын емдеу жолдары

Бүгінгі танда ӨҚТПА-ның асқынбаған түрін емдеу әдістерін екі үлкен топқа бөлуге болады:

а) консервативті жолмен емдеу (литолизис, литөтрипсия);

б) хирургиялық жолмен емдеу (холецистэктомия); Литолизис (lithos-өт суйыгы, liticos-epmy) ӨҚТПА-ның қазіргі кезде орын алып отырған этиологиясы мен патогенезіндегі жаңа көзқарастарға негізделген. Ол өт қуығындағы тастарды хено және урсодезоксихольді қышқылдардың негізінде жасалған әртүрлі дәрі-дәрмектермен (мыс. хенофаьк, хенохол, урсан, урсосан, окгалгин т.б.) ерту әдісі.

Бұл дәрілердің өт қуығындағы тастарды ертіудегі тиімділігі туралы деректер бірнеше ғалымдардың еңбекгерінде баяндалды (Логинов А.С. және басқ., 1982, Мансуров Х.Х., 1985, Постолов П.М., және басқ.,1987, Erlinger S., 1989 т.б.)

Литотрипсия (lithos-mac, tripsis-үгіту, уақтау). Бұл әдістің негізінде әртүрлі физикалық құбылыстарды (соққыш толқын, ультрадыбыс, лазер т.б.) қолдану арқылы өт қуығында жатқан тастарды уақтап, үгітіп (фрагментациялау), оларды он екі елі ішекке шығару жатады.

Лазер сәулесін өт тастарын үгіту үшін алғаш қолданған К Оrіі болды (1981). Олардан соң бұл әдіс туралы деректер O.K. Скобелкиннің (1983), С. ЕІІ және J. Demling (1988) т.б. еңбектерінде жазылды. Біздің елде өт қуығындағы тастарды үгіту үшін лазерді тиімді қолданғандары туралы мәліметті алғаш

М. Әлиев, С. Ш. Байжанов (1991) жариялады.

Әрине, аталған емдеу түрлері, хирургиялық әдіспен салыстырғанда, ауру адамға жәйлі және ұтымды болып көрінуі таңданарлық жағдай емес. Дегенмен ондай ұғым қате. Бүгінгі танда, біздің пікірімізше, ӨҚТПА-н консервативті жолмен емдеу әлі өз деңгейіне толық жеткен жоқ, бірақ оның болашағы бар емдеу жолы екеніне күмән жоқ, сондықтан бұл бағытта ғылыми ізденіс жұмыстардың жалғастырылғаны абзал. Бүгінгі күні қолданылып жүрген консервативті емдеу тәсілдерінің бірнеше қолайсыз және тиімсіз жақтары бар. Олар, өкінішке орай, емнің бұл түрінің күнделікті жұмыста кеңінен қолданылуына шек қояды. Сонымен қатар, консервативті емнің аталған түрлерін тиімді қолдану үшін бірнеше жағдайлардың болуы шарт. Солардың арасынан мына төмендегі негізгі жағдайларды атап өткенді жөн көреміз. Олардың қатарына мыналар жатады: 1) өт қуығындағы тастардың құрамы таза холестериннен құралуы керек және олардың көлемі 0,2- 0,4 см-ден аспауы қажет; 2) литотрипсия әдісін қолдану үшін өт қуығының жиырылу қасиеті мен өт қуығы түтігінің өткізгіштігі қалыпты жағдайда болуы керек. Сонымен бірге литотрипсия әдісін қолдану қан үю жүйесінің қалыпты болуын қажет етеді. Аталған шарттар болмаған жағдайларда консервативті еімді қолдануға болмайды немесе, қолданғанның өзінде, олардың нәтижелері ойдағыдай болып шықпайды. Мысалы, егер тас құрамында холестерин емес басқа құрамалар басым болса немесе өт қуығында үлкен көлемді, көп санды тастар анықталса, оларды ерту немесе үгіту (фрагментациялау) мүмкін емес. Екінші жағдай. Үгітілген тастарды он екі елі ішекке шығару үшін өт қуығының жиырылу қасиеті толық сақталуы керек және өт түтіктерінің өткізгіппігі қалыпты болуы қажет екенін жоғарыда атап өттік. Аталған қасиеттер осал болса үгітілген тас ұнтақтары орнында, яғни өт қуығында қалып қою қауіпі бар. Солармен бірге консервативті емнің тағы бір ұтымсыз жері ол қолданылған ем нәтижелі болғанның өзіңде белгілі бір мерзімнен соң өт қуығында тастар қайта пайда болып,ӨҚТПА-ның қайталануы (рецидив) мүмкін. Өйткені консервативті емде тастардың негізгі түзілетін орны, яғни өт қуығы, сақталып қалады. Осылармен қатар консервативті емді қолдануға болмайтын бірнеше қарсы көрсеткіштер де бар. Мысалы пациентге, негізгі сырқатымен қатар қосымша аурулар анықталғанда, жүктіліктің екінші жартысында немесе ауру адамның жеке (индивидуалдық) қасиетіне байланысты, тасты ертетін дәрілерге деген теріс сезімталдық байқалғанда, литолизис және литотрипсия әдістерін қолдануға болмайды (Кузин М.И. және басқ., 1986).

Қазіргі кезде ӨҚТПА-н емдеудің радикалды (тиімді, пайдалы) жолы хирургиялық тәсіл болып саналады. Хирургиялық жолмен емдеу тәсілінің негізгі мақсаты морфологиялық өзгеріске түскен өт қуығын, ішіндегі тастарымен бірге, хирургиялық операция жасау арқылы алып тастау (холецистэктомия). Бұл тәсілдің ұтымды жері ол өт қуығында түзілген тастарды алумен қатар, сол тастардың түзілетін негізгі орны (резервуары) өт қуығы алынып тасталынады, яғни ӨҚТПА-ның қайталану мүмкіншілігі жойылады.

Бүгінгі күнгі хирургиялық тәжірибеде холецистэктемия операция сын жасаудың екі тәсілі бар. Біріншісі оны дәстүрлі жолмен, яғни лапаратомия жасау арқылы орындау, ал екіншісі, эндовидеоскопиялық технологияны қолдану арқылы іске асыру (лапараскопиялық холецистэктомия). Лапараскопиялық операцияны, дәстүрлі операциямен салыстыра қарастырсақ, оның белгілі артықшылықтары мен тиімді жақтарын аңғаруға болады. Бұл әдіспен орындалған операцияның жарақаттылық әсері аз дәрежелі, сондықтан операциядан соңғы кезең ауру адамдар үшін жеңіл өтеді. Осы себептен ауру адамдарға операциядан соңғы кезеңде ерте қимылдап, қозғалып, төсектен ерте тұруына мүмкіншілік туады және олардың ауруханада болу мерзімі айтарлықтай қысқарады. Демек, лапараскопиялық операцияның экономикалық маңызы да аз емес. Біздің елімізде лапараскопиялық холецистэктомия операциясын алғаш орындаған М.Әлиев болды. Бүгінгі таңда операцияның бұл түрі кең тараған хирургиялық тәсіл болып отыр.

Дегенмен, өкінішке орай, ӨҚТПА-ның кейбір асқынуларында немесе бұдан бұрын іш қуысындағы ағзаларға операция жасалған болса, лапараскопиялық холецистэктомияны қолдану күрделенеді және күрт шектелінеді немесе тіпті оны қолдану мүмкіншілігі болмайды. Осыған орай, жоғарыда аталған операцияларды дәстүрлі және лапараскопиялық бір біріне қарсы қоймай, оларды қолдануға болатын көрсеткіштері мен қолдануға болмайтын көрсеткіштерін таразыға салып, нақты ауру адамға аталған операциялардың қай түрін қолдануды әр жағдайларда дұрыс тандай білу өте маңызды. Өйткені одан, кобінесе, операцияның түпкі нәтижесі теуелді болып келеді. Бұл жерде «әр пациентке өзіне сай операцияны таңдай білу керек» деген прин¬цип сақталуы қажет.

Дәстүрлі операцияда өт қуығын орналасқан жерінен (ложесінен) босатып шығару ағзаның мойын жағынан (ретроградты) немесе түп жағынан болу (антеградты) арқылы іске асырылатын (17-ші сурет). Операция соңында көбінесе, бауыр асты аймағына немесе алынып тасталған өт қуығының орнына дренаж түтігі орналастырылатын операция қоюмен тәмәмдәләді.

Ауру адамды операцияға дейін зерттеу барысында немесе операция үстінде ӨҚТПА-ның жоғарыда сипатталған асқынулары (холедохолитиаз, механикалық сарғаю, стеноздаушы папиллит т.б.) анықталғанда холецистэктомия жасалып болған соң міндетгі түрде өт түтіктерін тексеру (ревизия) қажет. Ондай тексерістің бірнеше жолдары бар.

Олар: түтіктерді козбен шолып бағалау, сызғышпен түтіктердің диаметрін анықтау немесе саусақпен сипап (пальпация) зерттеу т.б. Бірақ бұл тәсілдердің ақпараттылылығы төмен және нәтижелерін қортындауда субъективтік жағы басым болып келеді, яғни зерттеу нәтижелерін объективті түрде дәлелдеу мүмкіншілігі жоқ. Сондықтан, қазіргі кезде жаңа технологияларды кең пайдаланудың арқасында бауырдан тыс жатқан өт түтіктерінің жәйләрін анықтау мақсатымен операция үстінде рентгендік зерттеу, трансиллюминация, монометрия, әртүрлі сүңгілерді (зондтарды) қолдану арқылы зерттеу, холедохоскопия, УДЗ т.б. пайдаланылады.

Өт жолдарын операция үстінде жүргізілетін зерттеу тәсілдерінің арасында, бүгінгі таңда, рентгенологиялық контрасты зерттеу (интраоперациялық холангиография) жиі қолданылады. Себебі ол орындау жағынан қарапайым және бағасы жағынан, басқа тәсілдермен салыстырғанда, арзан. Сонымен қатар, тәсілдің ақпараттылылығы жоғары және нәтижесі объективті түрде қолма — қол көрінеді.

Интраоперациялық холангиография зерттеуі мына төменде көрсетілген ретпен орындалады. Өт қуығын түтігінен (d. cysticus) бөліп, кесіп алған соң түтіктің түқылына (кулыя) жіңішке канюля енгізіп, сол арқылы бауырдан тыс жатқан өт түтіктеріне контрасты зат (би-лиграфин, йопагност т.б.) жіберіледі де, алдын ала қойылған кассетадағы пленкаға рентгендік сәулемен сурет түсіріледі.

Тәсіл өт жолдарының (түтіктерінің) диаметрін, олардың ішіндегі патологиялық өзгерістерді және контрасты заттың он екі елі ішекке өту- өтпеуін анықтауғажол ашады (18-сурет).

Егер интраоперациялық зерттеу барысында өт түтіктерінде, әлде болмаса он екі елі ішектің үлкен емізшесінде патологиялық өзгерістер, яғни тастар немесе түтіктің төменгі (терминалды) бөліктерінің тарылуы (стеноз) және басқадай, қалыптан тыс құбылыстар анықталса, операция, табылған патологиялық өзгерістерді жою мақстымен қажетті бағытта жалғасды.

Мысалы өт түтіктері кеңейіп, олардың ішінде тастар анықталса өт түтігін (холедохты) ашу, яғни холедохэтомия операциясын орындау қажеттілігі туады (19-сурет). Ал енді түтіктің терминалды бөлігінің тыртықты тарылуы анықталған жағдайда негізгі операция (холецистэктомия) трансдуоденальді папиллосфинктеротомия (ТДПСТ), эндоскопиялық папиллосфинктеротомия (ЭПСТ), холедох пен он екі елі ішек (дуоденум) арасын қосу (холедох пен дуоденум арасындағы анастомоз-ХДА) сияқты операцияларымен толықтырылады. Бұл операциялардың негізгі мақсаттары өт сұйығының қалыпты ағу жолдарындағы бөгеттерді жою немесе оған басқа жол құру болып табылады (тастарды алу, тыртықты тарылған емізшені тіліп, кеңейту, ХДА т.с.с). Он екі елі ішектің үлкен емізшесін тіліп кеңейту, қазіргі кезде, көбінесе эндоскопиялық құралдың (аспаптың) көмегімен орындалады (эндоскопиялық папиллосфинктерөтомия ЭПСТ). Холедохөтомия жасалып, өт жолдарындағы патологиялық өзгерістер жойылған соң операция холедох жарасына бітеу тігіс салумен, ал, көбінесе, оған сыртқа шығатын Кер, Вишневский тәсілдерімен немесе дренаждық түтік орналастырумен ішке қарай бағытталған холедоходуоденоанастомоз-ХДА құраумен аяқталады (20-ші сурет). Тассыз (жэй) холецистит. Өт қуығында тас анықталмаған жағдайдағы холецистиитің (тассыз холецистит) жедел және созылмалы түрлерін ажыратады. Бұл сырқатгың себептері механикалық, функционалдық немесе өт куығының мойын, түтік аймақтарындаіы қабыну (инфундибулоцистит) процестерімен байланысты болып келеді. Aтап айтқанда олардың қатарына өт жолдарының туа біткен даму аномалиялары, яғни өт қуығының патологиялық иілуі, қалыптан тыс қосымша қалқалар және биік біткен қатпарлар, өт қуығы түтігінің тыртықты тарылуы, функционалдық себептерді (сифонопатия) т.с.с. жатқызуға болады.

Тассыз холециститтің клиникалық көрінісі әртүрлі болып білінуі мүмкін. Сырқат, әдетте, ұзақ уақытқа созылады, сондықтан ауру адамның анамнезімен танысқанда оның пайда болған мерзімі бірнеше айлармен жылдарды қамтитыны анықталады.

Тассыз холециститте ауру адамдар оң жақ қабырға астында орналасатын және жанға көп батпайтын ауру сезіміне шағымданады. Бірақ, сырқат өршіген кезде кейбір пациенттерде ауру сезімі аса қатты мазалап, жедел обтурациялық холециститке тән ауру сезімі сияқты болып білінуі мүмкін. Диагноз сырқаттың клиникалық көрінісіне, ауру адамның анамнензіне және қосымша лабораториялық, аспаптық зерттеулер нәтижелеріне сүйне отырьш анықталады.

Тассыз холециститті емдеу, негізінде, консервативтік ем түрлерін қолдану арқылы жүргізіледі. Тек кейбір жағдайларда (мыс. консервативтік ем нәтижесіз болса, УДЗ нәтижесінде деструкциялық құбылыстар анықталса т.б.) сырқатты емдеу жолы ретінде хирургиялық операция қолданылады.

#ӨҚТПАның #асқынулары