2020 жылы «Ақ-Жол» шекара бекетін жөндеу басталады

0

Қырғызстан үкіметі 2020 жылдың қаңтарында Қазақстанмен шекарадағы «Ақ-Жол» бекетін жөндеу жұмысын бастауды жоспарлап отырғаны туралы хабарлады. Осыған байланысты шекарадан адамдар мен көлік құралдарын және жүкті өткізу уақытша тоқтатылады.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі Қазақстан жағымен үшінші елдің азаматтарын «Тоқмақ автокөлік жолы» және «Кең-Булун автокөлік жолы» бекеттері арқылы өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтады.

Қырғызстанның Қазақстанмен шектесетін Шу облысында бұлардан басқа «Ақтілек автокөлік жолы», «Қайыңды темір жолы» және «Шалдыбар автокөлік жолы» өткізу бекеттері бар, олар тәулік бойы жұмыс істейді деп хабарлайды Қырғызстан шекара қызметі.

Өткен аптада Қазақстан парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Қырғызстанмен шекарадағы «Қордай» өткізу бекетінде Қырғызстан парламенті депутаттарымен кездесіп, жөндеу жұмысына байланысты аталған бекет уақытша жабылатынын хабарлаған. Тараптар бекетті жөндеудегі мақсат – одан өтетін адам санын ұлғайту екенін айтқанымен, оның нақты қашан аяқталатынын хабарламады.

Мәліметтер бойынша, «Ақ-Жол – Қордай» шекара бекетінен тәулігіне екі жаққа 10 мыңнан астам адам өтеді.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз