2019 жылы қандай бағалы металға инвестиция құюға болады




Оның айтуынша, бұл аралықта алтынның бір унцияға бағасы $1252, күміс $14,80 доллар болады.
«Бағалы металдар нарығына әсер ететін негізгі фактор – АҚШ Федералды резерв жүйесінің саясаты. Егер келесі жылға пайыздық мөлшерлемесі мен бағаларды келер жылдың соңына қарай көтеруді аралыстырып жіберсе, бағалы металдар нарығы мықты қолдау алады», — деді сарапшы.
Лукичева алтынға инвестицияны унциясына $1200 болғанда, $1300-ге дейін көтеріледі деген сеніммен құюға болатынын ескертті. Ал күміске инвестиция құймаған жөн. Себебі өнеркәсіптік қолданыстың үлесі өте жоғары.
Сонымен қатар, сарапшы алтынға деген сұраныс проинфляцилық экономикада, сондай-ақ санкция немесе геосаясат қысымына тап болған аймақтарда жоғары болатыны байқалатынын айтты.
«Азия, Еуропа және АҚШ-та Федералды резерв жүйе ақша-несиелік саясатын жұмсартуға байланысты сұраныс артады», — деп түйіндеді сөзін Лукичева.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ