Өскеменде үш бірдей көлікті өрт шарпыды

0

Өрт сөндірушілер бұл қасақана ұйымдастырылған деген болжамды жоққа шығармайды.

«8 желтоқсан күні 10 қабатты үйдің ауласында сағат 11:45 шамасында жеңіл көлік өртеніп кетті. Автокөліктің аспаптар панелі және орындық, ішкі салон жанып кеткен», – дейді Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасындағылар.

Өрт тағы екі 2013 жылғы Nissan X-TRAIL және Subaru Outback-2015 көліктерін де шарпыған. Олардың есіктеріне зақым келген.

Дереккөз: sn.kz