2018 жылы төбелес болды, бірақ әділ жаза болмады: Қаракемер тұрғындары масанчиліктермен жиі болатын кикілжіңдер жайлы айтып берді — Қазақстан жаңалықтары
Қаракемер ауылының тұрғындарының сөздерінше, Қордайда болған жағдайдың себебі жылдар бойы жиналған халық наразылығы екен. Бұған жергілікті билік кінәлі дейді олар. Бұл жақта мәселенің барлығы ақшамен шешілетін көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
«Жемқорлыққа белшемізден батқанбыз. Мәселелердің барлығы ақшамен шешіледі. Мысалы өткен жылдың желтоқсанында екі ұстазды мектептің ішінде ұрып кетті. Әлгі мұғалімдерден күштеп бұзақыларға еш шағымымыз жоқ деп жаздыртып алды. Осылайша істі жылы жауып қоя салды», — дейді Қаракемер тұрғыны.
Қаракемер ауылының тұрғындары біздің шағымдарымыз сотта емес жеке бөлмелерде шешілетін деп отыр.
«2018 жылы ауылдағы жігіттердің арасында тағы бір төбелес болды. Сотқа арыз жазғанбыз. Ең қызығы қаракемерлік жігіттер шартты жазаға кесілді, бірақ екінші тарап — Масанчидің бірде-бір тұрғыны жауапкершілікке тартылмады. Шенеуніктер мен полицейлер қайда қарап отыр? Олар ақша алып, істі жаба салады. Ылғи да біз кінәлі боламыз, өйткені бізде ақша жоқ», — деп ашынды тағы бір тұрғын.
Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан төрт ауыл жапа шекті. Олар: Масанчи, Сортқбе, Ауқатты, Бұланбатыр елді аймақтары. Жақындары мен өз өмірлері үшін алаңдаған ауыл тұрғындары үйлерін тастап Қырғызстанға асып кеткен.
stan.kz