2018 жыл шетелдік лидерлердің Қазақстанға сапарына толы болды – СІМ

0

Фото: СІМ ресми сайты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жоғарғы және жоғары деңгейлерде Қазақстанға – 20 мемлекет басшылары, 16 үкімет басшылары, 24 сыртқы саясат ведомстволарының және халықаралық ұйымдардың 2 басшылары сапармен келді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жыл қорытындысы ретінде брифинг өткізді.

«2018 жылды қорытындылай келе, өтіп бара жатқан жыл сыртқы саясат бағытындағы белсенділігі жағынан тиімді болғанын атап өткіміз келеді. Қазақстанның сыртқы саясаты проактивті, прагматикалық және дәйектілік принциптерінде негізделген көпвекторлы курсын жалғастырды. 2018 жыл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі бейбітшілік, қауіпсіздік пен орнықты даму мәселелері бойынша халықаралық бастамалары халықаралық қоғамдастық тарапынан оң нәтижеге ие бола алды. Сондай-ақ сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестицияларды тарту және интеграциялық процестерді нығайту тұрғысынан тиімді нәтижеге иеленді», — деді ол.

Айтуынша, ведомство мемлекет басшысының шетелдік инвестицияны тарту мақсатындағы тапсырмаларын орындап, осы жылда 30,6 млрд долларынан астам сомаға 135 құжатқа қол қойылған.

«Елбасымыздың еліміздің сыртқы саясатын «экономизациялау» бойынша нұсқаулықтарына сәйкес, сауда және экономикалық дипломатияның дамуы, Қазақстан экономикасының басым салаларына шетелдік инвестицияларды және инновациялық технологияларды тартуға қолғабыс көрсету, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін сыртқы нарықтарға ілгерілету — біздің министрлігіміздің қызметінің басты басымдықтардың бірі. 2018 жылдың басынан бастап шет елдерге және шетелдік лидерлерінің бірқатар жоғарғы деңгейдегі сапарлары орын алып, олардың қорытындысы бойынша 30,6 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға 135 құжатқа қол қойылды. Президенттің шетелге және шетелдік лидерлерінің Қазақстанға жасаған сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу бойынша іске асырылып жатқан жұмысты жалғастырдық. Трансұлттық корпорациялармен бірлескен инвестициялық жобалар туралы келісімдерге ерекше назар аударылды», — деп жалғастырды Смадияров.

Ол ведомство отандық компаниялардың өнімін шетелге экспорттауда септігін тигізіп келе жатқанын атап өтті.

«Министрлік шағын және орта бизнес субъектілеріне ерекше назар аударуда. Инвестицияларды тартуда немесе өз өнімдерін экспортқа ілгерілетуге қызығышулық білдірген отандық компаниялармен тікелей өзара іс-қимыл жүзеге асырылды. Бірқатар қазақстандық компаниялардан экспортты ілгерілетуге немесе инвестицияларды тарту бойыша өтініштері пысықталды. Біз өз тарапымыздан қазақстандық бизнеске қолдау көрсету бойынша жұмысты одан әрі жалғастырамыз. 5 шілдеде елордада «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ресми халықаралық тұсаукесері өтті, онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен бірқатар жоғары дәрежелі шетелдік қонақтар қатысты. Аталған іс-шара Сыртқы істер министрлігі мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы арасындағы бірлескен жұмыстың нәтижесі болды. Министрлік және еліміздің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері бұл қаржы орталығын дамыту процесіне және оның шетелдегі әріптестерімен қарым-қатынастарын орнатуға белсенді ат салысты», — деп жалғастырды ресми өкіл.

2020 жылдың маусымында Астанада Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясы өтеді. Шараға 4000-нан астам адам қатысады деп жоспарланған.

«24 шілдеде Женевада өткен Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтерінде ұйымның Бас Кеңесінің отырысы барысында Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясын 2020 жылдың маусым айында Астанада өткізу туралы өтініші мүше елдермен бірауыздан мақұлданды. Конференцияға 164 мүше-елдердің және ұйымға бақылаушы 20 елдің сауда министрлері қатысатындығы жоспарлануда, ал іс-шараға қатысушылардың жалпы саны төрт мыңнан асады деп күтілуде. Аталған министрлік конференция 1995 жылы құрылғаннан кейін, алғаш рет Орталық Азия аймағында өткізілетін болады», — дейді Айбек Смадияров.

СІМ өкілінің айтуынша, ведомство жаңа технологиялардың трансфертіне, сондай-ақ Қазақстан экономикасының салаларын цифрландыруға ерекше назар аударады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шет елдердің экономиканы цифрландыру саласындағы тәжірибесін зерделеу, Өндіріс 4.0, «блокчейн» технологиясының элементтерін енгізу, электронды мемлекеттік қызметтерді дамыту және Қазақстанда жұмыс істеуге жетекші шетелдік IT-компанияларды Қазақстанға, әсіресе, Astana Hub — Халықаралық IT-стартаптардың технопаркінің жұмысына тарту бойынша жұмыс жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ірі шетелдік компаниялармен экономиканың басым секторларында бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылды. Бұл тұрғыда жаңа технологиялар трансферті жүргізілді», — деді ол.

Транзиттік-көліктік әлеуетін ілгерілету, еліміздің және өңірдің әлеммен байланыстарын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Оның ішінде, осы саланың мемлекеттік органдардың және ұлттық компанияларына Қазақстанның шет елдердегі мүдделерін ілгерілетуге қолғабыс көрсету, баламалы бағыттарды қалыптастыру, құқықтық-шарттық базаны нығайту, сондай-ақ шетелдік әріптестерімізді еліміздің әлеуеті туралы үнемі ақпараттандыру кіреді. Жалпы біздің есебіміз бойынша, 2017-2018 жылдар аралығында шамамен 13,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 36 жоба бастамашылық етілді немесе іске қосылды», — деп жалғастырды Смадияров.

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде екі жылдық жұмысының аяқталуына дейін бірнеше күн қалды.

«Біздің мүшелігіміз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік КеңесінеСаяси жолдауында көрсетілген жеті басымдыққа сәйкес жүзеге асырылды. Бұл басымдықтар жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, халықаралық қақтығыстарды шешу, Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті нығайту, халықаралық лаңкестікке қарсы күрес, Африка құрлығындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму мақсаттарына жету және Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау секілді маңызды мәселелерді қамтиды. Біздің Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының басты оқиғасы ретінде 18 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» атты тақырыбында тақырыптық брифингі болды. Кездесудің қорытындысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының мәлімдемесі қабылданып, оның ішіне алғашқы рет Мемлекет басшысының бірқатар сыртқы саяси бастамаларын іске асыруға бағытталған мәселелері енгізілді», — деп бөлісті Смадияров.

Сондай-ақ маңызды оқиғалардың қатарында 19 қаңтарда Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен өткен «Ауғанстан мен Орталық Азиядағы аймақтық әріптестікті қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігі үлгісі» тақырыбындағы министрлік дебаттары болды.

«Бұл пікірталастардың нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Орталық Азия аймағындағы мүдделі елдердің және халықаралық құрылымдардың қызметін тиімді үйлестіруге бағытталған мәлімдеме жасады. 12-15 қаңтар кезеңінде Қазақстанның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі делегациясының соңғы жеті жыл ішінде алғашқы рет Кабулға сапары ұйымдастырылды, онда ауған қоғамының барлық топтарының 120-дан астам өкілімен 15 кездесу өткізілді. 28 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы аясында БҰҰ жанындағы мемлекеттердің жаһандық антитеррорлық коалициясын құруды көздейтін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойыншаТерроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексі қабылданды. Бүгінгі таңда Кодекске қосылған елдердің саны 76-ға дейін жетті», — деді Смадияров.

СІМ өкілі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіміздің ең жарқын мұраларының бірі Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштерінің қатарына БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссиясына 120 адамнан тұратын бітімгершілік контингенті жіберілгенін атап өтті.

«Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігімізді, ең алдымен, әлемдік қауымдастық үшін үлкен жауапкершілік ретінде қарастырамыз. Біздің еліміз БҰҰ-ның күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша толығымен дербес саясат жүргізіп, Кеңестің жұмысына Қауіпсіздік Кеңесі аясындағы қызметтің негізгі басымдықтарына сындарлы үлес қосуға ұмтылды», — деді ол.

Ресми өкіл Каспий саммитінің маңызына да тоқталды.

«Өтіп бара жатқан жыл елімізде ірі халықаралық іс-шараларды өткізуде дәстүрлі түрде белсенді болды.

Қазақстанда өткізілген маңызды халықаралық іс-шаралар қатарында Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан президенттерінің қатысуымен Ақтауда өткен Каспий маңы мемлекеттерінің 5-ші Саммитін атап өтеміз. Бұл саммит Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюымен ерекшеленіп, жағалаудағы барлық мемлекеттердің ынтымақтастығының құқықтық режимін белгіледі. Бұл халықаралық құжатпен, Каспийдегі қызметтің негізгі қағидаттары бекітіліп, тараптардың теңіздегі, соның ішінде оның суын, түбін, жер қойнауын, табиғи ресурстарды және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі құқықтары мен міндеттері айқындалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл құжатты «Каспийдің Конституциясы» деп сипаттағандығы кездейсоқ емес», — деді Смадияров.

Сирия бойынша Астана процесі 2019 жылдың ақпанында өтетінін тағы атап өтті.

«Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесі өз жұмысын жалғастырды. Бүгінгі таңға дейін Астана форматында келіссөздердің 11 раунды өткізілді, бұл Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозициясы арасындағы келіссөздер процесінде маңызды кедергілерді жеңуге мүмкіндік берді. Сириядағы қақтығысты шешуде Астана процесінің маңыздылығын жете бағаламау мүмкін емес. Кейбір қиындықтарға қарамастан, Астанадағы келіссөздер өздерінің тиімділігін дәлдей алды. Астана процесі басталғалы бері, қақтығыс ауқымы мен қарқындылығы елеулі түрде төмендеп, Сириядағы адамдарға гуманитарлық көмек көрсету үшін қажетті жағдайларды жасау бойынша жұмыстар жалғасты. Бұдан бұрын жарияланғандай, Астанада процесінің кезекті раунды 2019 жылдың ақпанында өтеді», — деді ол.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі 2018 жылда өткен маңызды шаралар тізбегін жалғастырды.

«Сондай-ақ, біздің еліміз бірқатар маңызды халықаралық форумдардың ұйымдастырушысы болды, оның ішінде наурыз айында Астанада өткен Орталық Азия елдері көшбасшыларының консультативтік кездесуін атап өткіміз келеді. Бұл кездесу аймақтағы интеграциялық процестерді нығайтуға және өзара ықпалдастықтың барлық салаларында ынтымақтастыққа жаңа серпін бере алды; Сондай-ақ мамыр айында 11-ші Астана экономикалық форумы; Қазанда Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 6-шы Съезі өтті. Белгілі болғандай, 2018 жылы Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етті. Қарашада Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өтіп, оның барысында Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру және одан әрі жақсартуға бағытталған 20-дан астам құжатқа қол қойылды. Сондай-ақ, қарашада Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы, ал Петропавлда Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының 15-ші форумы болып өтті», — деп атап өтті.

Қазақстанның түрлі халықаралық интеграциялық бірлестіктер тұрғысында ынтымақтастықтың нығаюы жалғасуда.

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігіндегі мемлекетаралық интеграциялық ұйымдар желісінде ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымымен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстар өз жалғасын тапты. Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы еуропалық бағытта ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған өзара әрекеттесу саласында бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды. Айта кетерлік жайт, биыл Қазақстан Еуропалық Одақпен дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатқанына 25 жыл атап өтілді. 2018 жылы Еуроодақпен ынтымақтастық саласындағы маңызды жетістіктер қатарында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау бойынша процесінің ілгеріленуін атап өткен жөн. Бұл келісім 28 елдің 25-і ратификациялады. Кипр, Италия, Нидерланды әзірге ратификациялаған жоқ», — деді ол.

Смадияров елші Бағдад Әміреев Түркі кеңесінің жаңа Бас хатшысы болып тағайындалғанын атап өт

«Түркі әлеміндегі интеграциялық процестерді дамытудағы маңызды оқиға Қырғызстандағы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 6-шы Саммитін өткізу болды. Оның нәтижесінде қорытынды декларация, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы Түркі кеңесінің 4-ші саммиті шеңберінде ұсынған түркітілдес мемлекеттердің интеграциялық тұжырымдамасы қабылданды. 6-шы саммит қорытындысы бойынша еліміздің беделді дипломаты, елші Бағдад Әміреев Түркі кеңесінің жаңа Бас хатшысы болып тағайындалғанын атап өткіміз келеді», — деп бөлісті Смадияров.

СІМ өкілі Мемлекет басшысының АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропа одағы басшыларының елдері арасындағы өткір проблемаларды талқылауға кездесуге шақырып, мұндай саммитті өткізу платформасы ретінде Астананы ұсынғанын атап өтті.

«Қазақстанның Азия мен Еуропа елдерімен серіктестігінің жұмысы бойынша, әсіресе Азия-Еуропа форумының қызметі шеңберінде қазан айында Брюссельде өткен 12-ші АСЕМ Саммитінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы айтарлықтай оқиға болды. Бұл іс-шарға 46 мемлекет және үкімет басшылары, Еуропалық Кеңестің, Еуропалық Комиссияның және АСЕАН Хатшылығының басшылықтары қатысты.

Халықаралық аудитория өкілдеріне жаһандық қауіпсіздіктің өзекті проблемалары бойынша қазақстандық көзқарастар жеткізіліп, оларды шешуге деген шақырулар айтылды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропа одағы басшыларының елдері арасындағы өткір проблемаларды талқылауға кездесуге шақырып, мұндай саммитті өткізу платформасы ретінде Астананы ұсынды», — деді ол.

Айтуынша, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының желісі бойынша белсенді ынтымақтастық өз жалғасын тауып келуде.

«Атап айтқанда, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымымен маңызды оқиғаларының бірі ретіндеҰйымның Циндаодағы Саммиті болды. Іс-шара бірінші рет 2017 ж. Астанадағы саммитінің қорытындысы бойынша Ұйымға мүшелік алған Үндістан және Пәкістан қатысуымен «сегіз жақты» форматында өтті. Ислам ынтымақтастығы ұйымымен ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі ретінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған және бас-пәтері Астана қаласында орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы өз жұмысын бастағанын атап өтуге болады. Сонда-ақ басқа қуантарлық жайттарының бірі Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының ғылым және технологиялар мәселелері бойынша орынбасары лауазымына Қазақстан дипломаты, Елші Асқар Мусиновтың тағайындалуы болды», — деп жалғастырды сөзін.

Ресми өкіл, ведомствоның «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын халықаралық қоғамдастық арасында насихаттау бойынша жұмыс белсенді түрде жүргізіп келе жатқанын айтты.

«Біз тарихи сана-сезімді жаңғырту жобаларын іске асыруға тікелей қатысамыз, өйткені олардың барлығының халықаралық өлшемі бар. Министрлік және Қазақстан елшіліктері біздің зерттеушілерімізге ірі шетелдік архивтермен жұмыс жасауда қажетті көмек көрсетуді жалғастырады. Алда отандық және шетелдік ғалымдармен бірлесіп атқарылатын 2019 жылы Астанада Дүниежүзілік түркітанушылар конгресін ұйымдастыру бойынша және тұтастай түркі тарихын зерделеу бойынша үлкен жұмыстар тұр. Біздің дипломаттар мұражай және кинематографиялық жобаларға, дала фольклорының антологияларын шет тілдерге аударуға және біздің ежелгі өнеріміз бен технологияларымызды әлемдік аренаға ілгерілетуге қатысуға дайын», — деп қорытындылады брифингті Айбек Смадияров.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ