«200 мыңға дейін ақша беріп, алданып қалдық»: Желіде ұтыс ойнатқан Кәмшат Жолдабеваның басы дауға қалды — Қазақстан жаңалықтары
Ол өзін Хюррем, Афродита, Шахризадаға теңейді. Томиристе намысты қызбын деп әндетіп жүр. Өздеріңіз түсінгендей бүгінгі әңгіменің ауаны Кәмшат Жолдыбаева жайлы болмақ.
Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды.
Таяуда Кәмшат Жолдыбаева Инстаграмда гив ойнатып еді. Ол үшін желі қолданушысы әнші көрсеткен 150 адамға тіркелуі тиіс еді. Одан бөлек қарапайым талаптары болды. Алайда шағымданған 150 спарталық топтың белсенділерінің айтуынша, әнші 1 млн теңгені қанжығасына байлап, лақтырып кеткен. Кәмшаттың алтын көріп жолдан тайды ма? Бұл туралы әншіні өзі айтты.
«Қайырлы кеш, құрметті достар! Менің парақшамдағы жақында берген ақпаратқа және демеушілердің маған айтқан келесі негізсіз ескертулері мен өтініштеріне байланысты мен сіздерге мынаны хабарлағым келеді. Құрметті демеушілер! Бұл ұйымдастырушылар сізден осы гивте демеуші болуыңызды сұрады, сонымен қатар менен парақшамда гив өткізуді сұрады.
Ұйымдастырушылар сіздермен және менімен бөлек келіссөздер жүргізді. Гив басталғаннан кейін сіздің барлық тілектеріңізді ескере отырып, барлық кейінгі өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Байқауға немқұрайдылықпен және жауапсыз қараудың салдарынан, ұйымдастырушылар, сәйкесінше, сіздердің наразылықтарыңызды байқай бастады, нәтижесінде бәсекелестікті тоқтату туралы өзара шешім қабылданды.
Мен үшін маңызды міндет — басталған жарысты соңына дейін жеткізу және қатысушылар арасында жүлде ақшасын беру болды, өйткені мен өз іс-әрекетіме жауап беремін (уәде беру — оны орындау!). Осы мақсатта мен осы сыйлық үшін алған алымның бір бөлігін қатысушыларға бердім және қалған бөлігін ұйымдастырушының есепшотына аудардым. Назерке сіздерге ақшаны қайтарып берсін. Барлық қалған мәселелерді сіз бұрын келіскен адамдармен тікелей шешулеріңізді сұраймын. Мен барлық түбіртектерді, шот-фактураларды және барлық хат-хабарлардың скриншоттарын қосамын.
Менің атымды және абыройымды қорлап жатқан азаматтар! Сізден тез арада мұны тоқтатуларыңызды сұраймын, өйткені мен өзімнің намысымды заңды түрде қорғауға мәжбүр боламын!», — деді Кәмшат.
Айтуынша, 150 демеуші әрқайсысы 20-30 тіпті 200 мыңға дейін ақша жинаған. Демеушінің бірінің айтуынша, бұл сома 3 700 000 теңге шаасында болды. Ол үшін 150 демеушіге мыңдаған жазылушы жинауға уәде берілген. Алайда олай болмай шықты.
«Мен 55 мың теңге бердім. Ол үшін 25 мың жазылушы жмаған жазылатын болған. Алайда ондай ешнәрсе болған жоқ. Мен тек ақшамнан айырылып қалдым. Бұл жерде Кәмшат ойнататын болған соң, соған сенген едім», — деді ол.
Алайда Кәмшаттың өзі де алданғанын, сондықтан мәселені шешу үшін полицияға жүгінгенін айтты. Демеушілерге де арыз беруге кеңес берді.
«Мен бұған дейін де бұндай ойындарға ұқыпты қарайтынмын. Енді маған да сабақ болды. Жауапкершілікпен қарау керек екен», — деді әнші.
stan.kz