200 мың көрермен жинаған «Gakku Дауысы» концертінен кейін төбелес орын алды

0

Алматы орталығында жастар концерттен кейін жаппай төбелес ұйымдастырды, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Kazpravda.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға видеосы Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Бейне астындағы түсініктемеде төбелес «Gakku Дауысы» концертінен кейін орын алғаны көрсетілген.

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

«Алматы қаласының полиция департаменті өткен демалыс күндері «102» пультіне төбелес туралы сигнал түспегенін хабарлайды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімшелеріне азаматтардан өтініштер түскен жоқ. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде аталған бейне бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру шараларын жүргізуде»,-деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Алматының 1002 жылдығын мерекелеу аясында 15 қыркүйекте өткен «Gakku дауысының» мерейтойлық концерті 200 мыңнан астам адамды жинады.

Фестиваль бағдарламасына 65 әртіс пен ұжым, 30 биші қатысты. Алаңдағы және GakkuTV тікелей эфиріндегі және Gaku Youtube каналындағы көрермендер 85 музыкалық нөмірді тамашалады. Шоудың жүргізушілері Алуа Қонарова, Баян Алагөзова, Тимур Балымбетов және Нұржан Еркінұлы болды.

Фото: kapital.kz