Қытай Украинамен соғыста Ресейге көмектескен бе?

0

Олимпиада кезінде АҚШ Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге Ресейге қарсы санкцияларды бұзу «үлкен қателік» екенін ескертті, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Unian.net сайтына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Джо Байден қазіргі уақытта Украинаға қарсы соғысқа көмектесу үшін Ресейге Қытайдан қару-жарақтың әкелінгенін дәлелдейтін дүниелердің жоқ екенін айтты.

Бұл туралы американдық көшбасшы 60 Minutes порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

АҚШ президентінің айтуынша, осы уақытқа дейін Қытайдың Украинаға қарсы соғыста көмек көрсету үшін қару-жарақ немесе басқа да заттар ұсынғаны туралы ешқандай дәлел болмаған. Байден өзінің ұсынысын толықтырғысы келген, бірақ «Мүмкін, мен әрі қарай  ештеңе айтпағаным дұрыс болар», — деп аяқтады. Журналист американдық көшбасшыдан әңгімесін жалғастыруды өтінсе де, Байден пікір айтудан мүлдем бас тартты.

Байден Си Цзиньпенге қоңырау шалып, «Егер сіз Ресейге көмек көрсетсеңіз, біз инвестиция құюды тоқтатамыз» депті.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың ортасында Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Қытай соғыста бейтараптықты сақтайтынын айтты.

Фото: kantie.org