20 жыл жазасын өтеп шыққан петропавлдық «маньяк» тағы адам өлтірді

0

1999 жылы Лютов деген танымал тектің иесі әйелдерге шабуыл жасағаны және адам өлтіргені үшін 20 жылға сотталған, ал 2016 жылы ол өзін жақсы ұстағаны үшін шартты түрде босатылған. Араға бес жыл салып қанішер ескі әдетіне қайта басты, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Петропавлда 1990-шы жылдардағы қанішер-қылқындырушы бостандыққа шыққан соң, қыз балаға пышақпен шабуыл жасаған. Қылмыскерге сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, төтенше қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуге үкім етілді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 сәуірде белгісіз ер адам Петропавл қаласының 19 жастағы тұрғынына үйінің кіре берісінде пышақпен шабуыл жасаған. Нәзік, бірақ ержүрек қыз шабуыл жасаушыға қарсылық көрсетіп, айқайлай бастайды. Қатты шыққан дауысқа көршісі жүгіріп шығып, қанішер оқиға орнынан қашып кетеді.

Шабуыл жасауға күдікті 7 сәуірде ұсталды. Белгілі болғандай, 49 жастағы ер адам – 1999 жылы әйелдерге шабуыл жасағаны және кісі өлтіргені үшін 20 жылға жазаға тартылып, 2016 жылы тәртіпті мінез-құлқы үшін шартты түрде босатылған қылмыскер Александр Лютов болып шықты.

Терезеден кіріп өз құрбандарын тұншықтырған

Петропавлда Лютовқа «сексуалды маньяк» деген ат берген, бір жылдан астам уақыт бойы – 1997 жылдың көктемінен 1998 жылдың жазына дейін ол қамауға алынғанға дейін қорқынышты қылмыстар жасап, қаланы қорқынышта ұстаған.

Тыныш әрі мүлдем жауыздық әрекетке баратын жанға ұқсамайтын жас жігіт – кәсіптік-техникалық училищенің түлегі аспаз болып еңбек еткен, ал түнде жарық жанып тұрған үйлерді аңдыған. Есейген шағында ол өзінің құрбандарына түннің бір уағында жорыққа шығуды әдетке айналдырған. Жарқыраған терезелердегі әйелдердің сұлбаларын көрген Лютов ағаштар мен газ құбырлары арқылы үйге өрмелеп шығып, қыздар мен әйелдерді буындырған.

1998 жылы 19 маусымда Лютов бірінші құрбанын өлтіреді. Ол кезде қылмыскер балалар үйінің мұғалімін бақилық етеді. Сонымен қатар қылмыскер жәбірленушінің іш киімін шешіп үлгерген.

Жасаған қылмысынан соң Лютов ұсталып, тергеу барысында оның бұрын бұзған заң бұзушылықтары да ашылды. Құрықтан аман құтылған жәбірленушілер Лютовты танып, оған қарсы куәлік етеді.

Барлығы да Лютовты қанішер деп санағанына қарамастан, бүкіл сараптама қорытындылары оның есі дұрыс екенін көрсетті. 1999 жылы 15 ақпанда сот бір ғана әйелді өлтіргенін ескере отырып, қылмыскерді 20 жылға арнайы режимдегі колонияда жазасын өтеу туралы үкім шығарды. Ал 2016 жылы Лютов 2 жыл 3 ай 22 күндік мерзімін өтемей мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сол уақыт аралығында ол аудандық полицияның бақылауында болған. Ол бес жыл бойы 2021 жылы сәуірде қызға шабуыл жасағанға дейін өзін заңға бағынатын азамат сияқты ұстаған.

Қанішердің жаңа шабуылы

Петропавл қалалық соты судья Михаил Гусевтің төрағалығымен Александр Лютовқа қатысты қылмыстық істі қысқартылған тәртіппен қарады. Лютов 192-баптың 1-бөлігі бойынша және Қылмыстық кодекстің 187-бабының 1-бөлігі қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айыппен сотқа тартылды.

Сот үкімі бойынша, 2021 жылы 5 сәуірде кешке Лютов 9 қабатты үйдің кіреберісіне кірген. Осы кезде төртінші қабаттағы пәтерден бір әйел шығып, пәтердің есігін кілтпен жаппаған. Мұны көрген ол пәтерге кіріп, сол жерден ас үй пышағын ұрлап кеткен. Ол пәтерінде ұсақ ұрлық жасаған әйел іс бойынша жәбірленуші деп танылды.

Айыпталушы Лютов сотқа өзінің сырт жақтан дауыстар естігендіктен өзін ұстап ала ма деп қорқып қашып кеткенін түсіндірді. Ол кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген.

Александр Лютовтың жасаған тонау әрекеті ауыр қылмыстар санатына жатады, ол бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандықтан бұл оның іс-әрекеттерінде қауіпті рецидивті тануға алып келеді. Лютов үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдай ретінде сот шын жүректен өкінгенін таныды.

Нәтижесінде сот ер адамды өзіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Петропавлдық жауыздар

Егер Лютов үлгілі іс-әрекеті үшін тағы шартты түрде босатылмаса, ол Петропавлға 2024 жылы оралады. Сол жылы 1990 жылдардағы тағы бір петропавлдық кісі өлтіруші 1999 жылы қарақшылық, зорлау, тонау және кісі өлтіру үшін 25 жылға сотталған – Валерий Кричиневский босатылады.

Оның мойнында өзі тонап, зорлаған 10 әйелдің жазасы бар. Қылмыскердің он бірінші құрбаны бірінші сынып оқушысы Наташа ғана қаза болған.

Сабақтан кейін қызды сыныптасының ата-анасы көлікпен жеткізіп салған. Наташаның үйде болу үшін жолдан өтуі ғана керек еді.

Оның денесі орман арасынан табылған, криминологтар баланың денесінен көптеген пышақ жарақаттарын тапты.

Полиция қызметкерлері Кричиневскийді қолға түсіру кезінде қылмыскердің үйінен әйелдерден тоналған алтын бұйымдардан басқа, өздерін есінен тандырған заттың табылғанын еске алады.

Бұл ол өзі өлтірген бірінші сынып оқушысының терісінен тігілген жұмсақ ойыншық және тәпішке болатын.

Ол бұл заттарды да қалған басқа бұйымдар секілді әйеліне тарту еткен.