2 триллион доллар коронавируспен күресуге жұмсалады — БҰҰ — Қазақстан жаңалықтары

0

Экономистердің болжауынша, келе жатқан экономикалық құлдырау әлемге шамамен екі триллион доллар (800 трлн теңгеден астам) шығын әкеледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

CEPR қаржы сарапшылары Еуропадағы дағдарысқа қарсы құралдар жаңа дағдарысты тоқтата алмайтынын айтады.

«Әлемдік қаржы жүйесі мен еуроаймақтың дағдарысынан кейін жасалған құралдар мүлдем басқа сипаттағы мәселелерді шешуге арналған. Бұл жолы бәрі басқаша», — дейді CEPR сарапшылары. Олар сонымен қатар коронавирус Еуропаның экономикасына ғана емес, оның бірлігіне де қауіп төндіретінін атап өтті.

Экономистердің есептеуінше, Еуропа елдері ай сайынғы карантиннің салдарын жою үшін жылына шамамен 350 миллиард доллар жұмсауы керек.

БҰҰ мүшелері вируспен күресу әлемге жылына кемінде екі триллион доллар шығын әкеледі деп болжайды. Барлық елдердің билігі ауруларды емдеуге, жұқтырған адамдарды анықтауға, адамдар мен бизнесті қолдауға және елді дағдарыстан шығаруға үлкен қаражат жұмсауға мәжбүр болады.

Bloomberg порталындағы экономистердің айтуынша, шығындар кем дегенде 2,7 миллиард долларды құрайды.

Экономистердің пессимистік болжамдары оптимистік болжамдардан асып түседі деп хабарлайды. Мәселен, АҚШ-та сарапшылардың 62 пайызы коронавирус әсерінен ауқымды экономикалық құлдырау болады деп болжайды, ал Еуропада сарапшылардың 82 пайызы осылай деп санайды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қаржылық дағдарысты еңсеру үшін адамзат бірігуі керек деп санайды, деп хабарлайды Bangkok Post.

«Әрқашан бұрынғыдай мемлекеттер экономиканы жандандыру, мемлекеттік инвестицияларды кеңейту және сауданы ынталандыру үшін бірлесіп жұмыс жасауы керек. Коронавирустың таралуын болдырмау — ортақ міндет», — деп жазады Антониу Гутерриш.

Естеріңізге сала кетейік, South China Morning Post басылымының бағалауы бойынша, 16 наурызға дейін жұқтырғандар саны 165 мыңнан асты. Күніне 11 мыңнан астам инфекция тіркелген.

stan.kz