19 қалада Kaspi.kz бөлімшелері жұмысын қайта бастады
Kaspi.kz бүкіл Қазақстан бойынша бөлімшелерін іске қосу жұмысын жалғастыруда. Бүгінде 19 қалада 107 Kaspi.kz бөлімшесінің 63-і ашылған, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе былай деп түсіндірді: «Kaspi.kz командасы бүкіл ел бойынша бөлімшелерінің жұмысын жылдам қалпына келтіруде. Алматыдағы бөлімшелеріміз бен банкоматтарымыз басқаларға қарағанда көп зиян шеккеніне қарамастан, біз мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы өтініш жасамаймыз».
«Біздің басты мақсатымыз — сүйікті клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін барлық бөлімшелерді мүмкіндігінше тезірек қайта ашу. Бұған қосымша біздің барлық өнімдеріміз бен қызметтеріміз Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы арқылы қолжетімді», — деп атап өтті Михаил.
Бөлімшелер сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмыс істейді. Алдағы уақытта басқа бөлімшелер де жұмысын жалғастырады. Жақын жердегі бөлімшенің істеп тұрғанын Kaspi.kz суперқосымшасындағы Kaspi Maps қызметімен тексеруге болады.
13 қаңтарда қалалардың тізімі және жұмыс істейтін филиалдар саны:
- Нұр-Сұлтан – 12 филиал;
- Алматы – 1;
- Қызылорда – 1;
- Көкшетау – 1;
- Петропавл – 2;
- Орал – 3;
- Шымкент – 5;
- Қарағанды – 5;
- Жезқазған – 1;
- Сәтбаев – 1;
- Семей – 2;
- Өскемен – 4;
- Атырау – 5;
- Құлсары – 2;
- Қостанай – 5;
- Павлодар – 3;
- Ақтөбе – 5;
- Ақтау – 3;
- Екібастұз – 1.
Барлық қызметтер Kaspi.kz суперқосымшасында қолжетімді! Бүкіл Қазақстан бойынша Kaspi QR арқылы төлем жасап, коммуналдық қызмет ақысын төлеуге, ұялы телефонды толтыруға және шоттарды төлеуге, ақша аударымдарын жасауға, депозит ашуға, тегін жеткізу арқылы Kaspi.kz-тегі Магазинде тауар сатып алуға болады.