Белсенділер Тоқаевқа ашық хат жолдады

0
470

Қазақ халқы мен қазақстандықтарға!

Қазақстан Республикасының президенті
Қ.-Ж.К. Тоқаевқа

БҰҰ, ОБСЕ, Европарламент, АҚШ Конгрессі,
Әлемдік банк, Гаага т.б. халықаралық соттар

АШЫҚ ХАТ!
Президент Қ.-Ж.К.Тоқаевтың қоғам мен мемлекетте қалыптасқан күрделі жағдайды оң шешудегі саясатын негізінен қолдай отырып және оларды түпкілікті шешу мақсатында, елдегі қоғамдық, жастар т.б. ұйымдар, қауымдастықтар мен партияларды біріктірген «Қазақстан Альянсы» қозғалысы барлық қазақстандықтар атынан төмендегіні мәлімдейді:
1. Қазақстан, Конституцияда жариялаған ұлттық (1992ж БҰҰ анықтамасы), демократиялық, зайырлы мемлекет принциптерін ұстанып, оны іске асыру;
2. ОДКБ елдері басшыларына Қазақстанға көмек бергені үшін алғыс айтып, коменданттық сағат біткесін он күнде шеттен келген әскер елден шығарылсын;
3. Елден, шетке заңсыз қаржы шығаруға тиым салынсын;
4. 15.01.2022ж. дейін барлық облыстар мен үш мегаполистің әрқайсысынан ел таңдаған үш белсендіден, қоғамдық ұйымдардан үш адамнан, жастардан 12 адам, Маңғыстау-Жаңаөзеннен 15 адам – барлығы 97 делегат және әр облыс пен мегаплис, министрліктер мен құқық органдарынан бір адамнан барлығы 30 делегаттан тұратын Президент жанынан «Жаңа Қазақстанның тұжырымдамасын» дайындайтын тұрақты жұмыс Комиссиясы (Комиссия) құрылсын!;
5. Төмендегі саяси-әлеуметтік мәселелерді шешу Президенттің қаулысымен осы Комиссияға міндеттелсін;
— газ, жанармай тарифтері, азық-түлік бағасын т.б. саяси-әлеуметтік, мемлекеттің құрылымдық мәселелерін реттеу;
— партиялар мен қоғамдық ұйымдар мемлекеттен және бюджеттен қаржыландыуды тоқтатып, халықтан сайланған партияларды парламент пен ел билігіне әкелу;
— мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік-Ұлттық компаниялардың қаржы-құрылымдық жұмыстарын реттеп, тиімсіздерін қысқарту және олардың басшылығына іскер маман-менеджерлерді тағайындау;
— мемлекетке тиімсіз жасалған келісімшарттарды қайта қарау;
— әлем офшорларындағы т.б. $450 млрдтан астам заңсыз шығарылған қаржыны және оларға алынған мүлікті (Әлемдік банкпен бірге) елге қайтару;
— Қоғам даму талаптарына сай Конституцияға қосымша енгізіп, жаңа заңдарды ұсыну және қабылдауға атсалысу;
— ауыл, аудан, облыс әкімдері мен Парламент депутаттарын әділ сайлауды қамтамасыз ету;
— Президентпен келісіп Үкімет, Қауіпсіздік Кеңесі, Парламентті отставкаға жіберу және облыс, министрлік, құқық органдары т.б. басшыларын ұсынып-тағайындау құқықтары берілсін!

Бірінші кезекте шешетін мәселелер:
— елдегі жанар-жағармайдың құны түгел қайта қаралсын (01.02.2022 дейін);
— тиімсіз Сауда министрлігінің орнына азық-түліктің құнына мониторинг жасап және қамтамасыз ететін және осы саланың стратегиясын анықтайтын Агенттік ашу (15.02.22 дейін);
— Жаңа Үкімет құрамы халық өкілдері мен зиялылардан құралған Қазақстан Альянсы, Комиссиямен келісіліп тағайындалсын;
— Президент жанындағы «қуыршақ ұлттық Кеңес» таратылып, Абаев, Мырзалин, Мусин сияқтылар мемлекеттік жұмыстан кетсін;
— ковид дағдарысына байланысты төрт млн адамға, оның ішінде 10 сотка қалалықтарға, 12 –саяжай және 20 – ауылдағыларға бөлінсін (01.03.2022 дейін);
— шетел компанияларындағы біздің азаматтардың табыстары шетелдіктермен теңестірілсін (01.04.22 дейін);
— мұнайгаз т.б. кенорындарын игеретін компанияларға халықаралық нормаға сай прогрессивті салық салуды ендіру (01.05.22 дейін);
— Ана мен бала капиталын көтеріп, көпбалалы отбасы мен әр сәбиге, мүгедектерге берілетін көмектің деңгейін РФ т.б. елдерге теңестіру;
— әйелдердің зейнеткерлік жасын 58-ге түсіру;
— жалақының төмен деңгейі 4-АЕК-тен жоғары;
— Елге тиімсіз, Еуразия (Машкевич, Назарбаев …) тобының Сбербанкке $7,0 млрд қарызын мемлекет есебінен қайтаруға жасалған СБЕР келісімшарты бұзылсын (10.02.2022 дейін);
— 2022ж. мұғалімнің, 2023ж. дәрігердің табысын депутаттармен теңестіру;
— 56 зауыт мәселесін шешу;
— Мұнайгаз т.б. салаларда істейтін компаниялардағы мемлекеттің үлесін 51%-ға жеткізуге тұрақты жұмыстану…

«Жаңа Қазақстан» жобасы келесі салаларды қамтиды:
1.БҰҰ стандарттарына сай Адам капиталын (білім мен ғылым, медицина, еңбек өнімділігі мен әлеуметтік сала. Ана капиталын) комплексті дамыту;
2. Экономикалық саясаттың стратегиясын қабылдау. Инновациялық экономикаға көшудің 18 басымды бағытын іске асыру;
3. Қаржы саясаты. Банк және қаржылық Қорлар жүйесінің реформасы. Салық Кодексін қабылдау;
4. Қорғаныс стратегиясын қабылдау;
5. Құқық саласы мен сот реформасы іске асыру;
6. Саяси реформа. Адам құқығы. Баспасөз бостандығы. Жер, мемлекеттің мүддесін, оның ішінде тілді қорғауда нақақ сотталғандар босатылып, ақталсын.

Мемлекеттік құрылым
— Федеративтік елдің құрамдас бөлігі екі палаталы Парламенттің ҚР сияқты ұлттық мемлекетке қажеттілін анықтап, 95 депутаты (маусым, 2021) Қазақстанның жерін сату керек деп қол көтерген Мәжілісті тарату (01.05.22 дейін);
— Атқарушы, заң шығарушы т.б. билік органдарының мемлекеттік тілде сөйлеп, ісқағаз жүргізуін қамтамасыз ету;
— Елдегі партиялар мен Халық Ассамблеясы сияқты қоғамдық ұйымдарды бюджеттен қаржыландыруды, билік партияларының қызметін тоқтату (15.02.2022 дейін);
— Елдің қауіпсіздігін емес, халықты жазалаушы және коррупциялық органға айналған құқық, заң, қауіпсіздік органдарының басшылығын ауыстырып, реформа жасау және Қауіпсіздік Кеңесінің қажеттілігін қоғам болып талқылап, шешім қабылдау;
— Еуроодақтың санкциясына байланысты коррупционерлер мен адам құқығын аяқасты қылғандардың тізімін дайындап, жариялау және қажет болғанда оларға санкция салуға қол жеткізу.

Экономикалық саясаттың басымды бағыттары:
1. Экономиканың негізгі 18 бағытын инновацияға көшіру (Қосымша 1);
2. Стратегиялық объектілер мен шетелдік компаниялардың үлесін Ұлттық компанияларға қайтару және оларда инновациялық технологияны арттыру;
3. Шағын және орта бизнесті комплексті дамыту;
4. Фермерлік және отбасылық шаруашылықты дамыту.

Қаржы және банк жүйесі
— Бәсекелестігі жоқ бір адам иеленген елдегі банктердің жоғарғы пайызды (жылдық пайызы 20%-дан жоғары) несиесі бизнес пен экономиканың дамуына кедергі болуда. Сондықтан:
— 2008ж Қазкоммерцбанкке берген $10,0 млрд, 2014-2015жж екінші деңгейлі банктерге берген $8,0 млрд т.б. бюджеттің қаржысын қайтару;
— отандық банктерді муниципальдық даму банкісіне айналдыру;
— Халықаралық кремний даласында ашылатын 400 банк пен сонша қорлардың елде жұмыс істеуін заңдастыру.

Партиялар мен дін мәселесі:
— Ел ішінен шыққан жаңа қоғамға сай партиялар тіркеліп, Президент, Парламент т.б. сайлауларына қатыссын;
— Елде тіркелген 4000-дай діни ағымдардың мүшелерінің саны 20 мыңнан төменін заңсыз деп танып және салафизм (вахабизм) т.б. экстремистік ағымдарға тиым салып, ереуілді ұйымдастырған олардың басшылары заңмен жазалансын;

Елде жіберілген қоғамдық-саяси кемшіліктерді түзету:
— Елде Парламент қабылдаған 2600 заңның тек біреуі яғни 0,038% ғана мемлекеттік тілде дайындалды;
— 30 жылда Қ.-Ж.Тоқаев басқарған СІМ мен Парламентте мемлекеттік тілдің ізі де жоқ. Ал, Идрисов, Джошыбаев т.б. «ұлы дипломаттар» және 2020ж сайланған депутаттардың көпшілігі біздердің үйдегі иттер түсінетін қазақша сөздерді түсінбейтін меңіреулер. Тоқаев мырза осындай нақұрыстарды ондаған жылдар бойы мемлекеттің ең жауапты қызметтеріне тағайындап, мемлекеттік тілдің дамымауына себепші болып отырған басшылардың бірегейі. Сонда мемлекеттің мүддесін кім қорғайды?;
— Президент Тоқаевтың айналасында экономиканы, ғылым мен инновацияны, қаржы мен шаруашылықты түсінетін білікті, әрі тәжірибелі маман жоқ;
— Ел билігіне тағайындауларда 2019-дан бері трайболизм мен мәңгүрттік өршімесе, толастаған жоқ. Жаңаөзенде заңды талаптармен басталған ереуілдің Алматы т.б. жерлерде әкімшілік, Нұротан кеңсесі, прокуратура т.б. өртеп, жаппай тонауға кірісуі билікке таласқан трайболизмнің вандализм, анархия және терроризмге айналуы. Сондықтан, биліктегі тағайындаулар, бюджет қаржысын бақылау, халықаралық келісімшарттар, стратегиялық жобаларды т.б. шешу 2022, қаңтардан бастап уақытша Президент пен Комиссияның, соңынан жаңа сайланған Парламенттің құзырына берілсін;
— 2019 жылдан бері азық-түлік, газ, жанармай… күнделікті тауарлар құны, мысалы сәбіз, сұйық май 4-5 есе қымбаттаса, жұмыссыздық пен инфляция екі есеге дейін өсті, қазақстандықтар 30%-ға кедейленді;
— Еуроодақтың Қазақстандағы адам құқығын бұзып, сөз еркіндігін шектеуге байланысты 2021ж бесінші мәлімдемесінде, соңғы екі-үш жылдағы «реформа дегендер — ол нәтижесіз имитация яғни бос сөз» екені атап көрсетілген және елдегі заң бұзушылыққа қарсы жеке тұлғаларға санкция қоятыны айтылған;
— Жеке басқа табыну мақсатында өзгерген Астана қаласы, аэропорт, университет, көшелердің аттары бұрынғы қалпына келіп, диктаторға орнатылған ескерткіштер алынсын. Осы уақытқа дейінгі диктатор атына байланысты өзгерген шығындарды Назарбаев пен Тоқаев төлесін;
— Қ.-Ж. Тоқаевтың үйлері т.б. мүліктері шетелде екенін Навальный тобы анықтады. Егер ол ҚР азаматы болып, оған адал қызмет етсе және ол мүліктер ұрланған болмаса, неге осы елде тұрақтамайды?! Тоқаев мырза осы сұрақтарға халыққа жауап берсін;
— Н.Назарбаевтың отбасына және жеке басына байланысты қабылданған заңсыз «заңдар» күшін жойсын және оның отбасы ұрлаған қаржы, банк, компания, акциялар мен мүлікті мемлекетке, рейдерлік жолмен алған компаниелерды иелеріне қайтарсын;
— Соңғы ереуілдерде қираған ғимараттарды т.б. қалпына келтіруге бюджеттен бір теңге де бөлінбей, сондай шығынға жеткізгендердің есебінен қалпына келтірілсін;
— Бюджет есебінен әр облыста бес, министрлік пен Ұлттық компанияда екеу, Парламент пен ПӘ он отандық автомобильден лұқсат берілсін;
— Шенеуніктердің саны 2022ж. – 60%, 2023 – 70%… (Жапония мен Швейцария деңгейіне жеткенше) қысқарып, бизнесті дамытуға мүмкіндік жасалсын;
— Түркістанда 2021ж. салынған кесенеге Хан Абылай жерленсін;
— Рейдерлік жолмен бизнестерінен айырылған кәсіпкерлер, себепсіз сотталғандар т.б. зардап шеккендер Қазақстан Альянсының Ұйымдастыру алқасы мен Комиссияға хабарлассын;
— Жаңа жылдың алдында миллиардер Иванашвили барлық грузиндердің банктегі $1,5 млрд несиелерін жапты. Біздің миллионер — миллиардерлер Қазақстан Альянсы жанынан Қор құрып, несиені жабу, көпбалалы аналар мен жағдайлары төмен отбасылар, мүгедектерге қолұшын беруге шақырамыз!
Ереуілге шыққан халық жоғарыда аталған т.б. кемшіліктер түпкілікті түзетіліп, елдің авторитарлық режимнен арылып, әділетті қоғамға айналып, өркениет жолына түсуін талап етуде. Осы уақытқа дейін билікте болған диктаторлық билік пен оның айналасындағы коррупционерлер түгелдей кетсін! Ел өркениет жолына түспесе келесі болатын ереуілдер қазіргі билікті кетіреді. Халық қазіргі билікке де сенбейді. Президент Тоқаев қазіргі сайланатын Үкіметті халықтың өкілдерімен келісіп тағайндауға тиіс! Билік елді азғындық емес- азаттық жолына бастау керек!

Құрметпен,
Халықаралық қоғамдық ұйымдар:
— Азербайджан, Армения, Грузия, Түркия, Венгрия, Қазақстан, Ресей, Финляндия, Франция, АҚШ, Эстония, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, барлығы 16747 мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалым-профессорлар, мәдениет қайраткерлері — түркі, угро-фин, кавказ халықтары Конгрессінің мүшелері;
— Елдегі диаспоралардың мәдени Орталықтары, Қазақстанның «Славян, орыс және казак Қауымдастығының» қолдауымен;
— «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан ғалымдар, генералдар, жазушылар, композиторлар т.б. творчестволық Одақтары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Қазақстанның қаржыгерлер, тәуелсіз кәсіпкерлер, ректорлар, Ауған соғысы ардагерлері, 12 көп балалы аналар Қауымдастықтары мен 17 республикалы0 газет-жорнал реакциялары, елдегі партиялар, Халықаралық Адам институты, «Ұлы дала», «Атажұрт» т.б. барлығы 47 республикалық ұйымдар мен зиялылар құрған Қазақстан Альянсының Ұйымдастыру алқасы атынан:
МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай — физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
СӘБДЕН Оразалы – ҚР ғалымдар қауымдастығының Төрағасы, экономика ғылымының докторы, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ӘКІМ Жанұзақ – Қазақ жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі;
ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;
ӘУБӘКІРОВ Тоқтар – ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының батыры және Халық Қаһарманы;
ШАХАНОВ Мұқтар – ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, «Түрік әлемінің» үздік ақыны;
СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас- Қазақстанның Еңбек Ері, Халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының Төрағасы;
ӘУЕЗОВ Мұрат – ғалым, ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, мемлекет қайраткері;
ТУРСУМБАЕВ Балташ — ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, мемлекет қайраткері, «Ел мен жер» қоғамдық қорының Төрағасы;
ДАГ ДҰРАН Ахмет – профессор, философия докторы, Түркі халықтары мәдениет қорының Президенті;
ОСМАН Асылы – педагогика ғылымд. кандидаты, Әзірбайжан мәдени Орталығының мүшесі;
ҒАББАСОВ Совет-Хан — медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты;
НҮСІПЖАНОВ Нұрғали – Қазақстанның халық әртісі, қоғам қайраткері;
БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті, ЖСДП Президиум мүшесі;
СМАҒҰЛОВ Елубай – жазушы, тарихшы, кинопродюссер;
ТОҚАШБАЕВ Марат — «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;
ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик;
ЕЛЕШЕВ Рахымжан – а/ш ғылымдарының докторы, профессор, ҚСРО және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты;
ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас — жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі;
РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;
ИСАБЕКОВ Дулат — «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
СМАТАЕВ Софы — жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
ИСА Казбек – ақын, ҚР Парлмаентінің депутаты, ҚР мәдениет қайраткері;
ҚАЙСАРОВ Уәлихан –ҚР Парламентінің экс-депутаты, қоғам қайраткері;
АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және инновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;
БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;
ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, Қазақстан жазушылар Одағының хатшысы, қоғам қайраткері;
БАПИ Ермұрат — «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;
АЙҒАЛИҰЛЫ Е. – редактор, қоғам қайраткері;
СӘРСЕНБАЙ Рысбек — қоғам қайраткері, жорналис;
ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;
КӨШІМ Дос -«Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы;
АҢСАТ Садуақас- «Тіл сақшысы» газетінің Бас редакторы (Қызылорда);
ӘЛІПҚАЛИЕВ Тихон — жорналис, қоғам қайраткері (Орал);
АҚЖІГІТ Өмірзақ- тәуелсіз журналист, жазушы;
ЖӘКЕЕВ Ғабиден– Ғ.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы;
ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат; Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;
ШОРАЕВ Арман – тележорналис, редактор, қоғам қайраткері;
ӘБУТАЛИПОВ Әспен –ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;
ЕСЕНҚОС Серікжан – қаржыгер (2000 жылдары Әлемдік банк қызметкері), қоғам қайраткері;
ЖАҢАЛТАЙ Бешір – жорналис (ВВС-да істеген), қоғам қайраткері (Лондон);
КӨКБҮЛЕН Аттила – кәсіпкер, қоғам белсендісі (Париж);
ҚҰСМАН Абзал- заңгер, қоғам қайраткері;

Маңғыстау-Жаңаөзеннің қоғам қайраткерлері мен белсенділері:
МЕДЕУОВ Кикбай;
АЯЗБАЕВ Нұркамал;
НИЯЗОВ Әбдірашит;
НҰРБОЛАТҰЛЫ Нұржігіт;
ӘНЕС Сегізбай;
НҰРЖАН Светқали;
АДАЙ Сабыр;
БЕРДІБАЙҰЛЫ Бауыржан;
ДАУЫСТЫҰЛЫ Ақан;
ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ Еркебұлан;
БИГЕЛДІ Мәмбет;
АҚЖІГІТОВ Шәріп;
ТӨКЕНОВ Санат;
ЕРСАЙЫНҰЛЫ Уайс;
ШАХМЕТОВ Мұрат – қоғам белсендісі (Атырау);
ХАЙРУЛЛИН Армен – қоғам белсендісі, эколог (Атырау);
ШОРМАНОВ Мұрат – Атырау обл. фермерлер Одағының төрағасы, кәсіпкер-меценат (Атырау обл.);
РАХИМОВА Салтанат – заңгер, белсенді (Атырау);
ЖАЙЫҚ Арман- жорналис, ақын, белсенді (Атырау);
АЯН Талғат- қоғам белсендісі (Атырау);
БОҚАЕВ Макс – қоғам белсендісі (Атырау);
МЕРАЛИЕВ Мазмут – кәсіпкер-демеуші (Атырау);
АРАЛБАЕВ Жәнібек – а/ш ғылымдарының кадидаты, фермер-кәсіпкер (Атырау);
НҰРҒАЗИЕВА Әсел – заңгер, қоғам белсендісі (Атырау);
ДОСПАНОВ Жұмабай – жорналис, жазушы (Атырау);
ҚАРАШАЕВ Естай – қоғам белсендісі (Жаңаөзен);
РАҚЫМЖАНОВ Асхат –ОСДП жетекшісі;
ТӨЛЕЕВ Рысқали – Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының атқарушы директоры;
ҚАЛЫБАЙ Жарылқап – редактор, жорналис, қоғам қайраткері;
АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;
КЕНЕБАЙ Жұмаш — ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;
ҚОЖЫРБАЙҰЛЫ Мұхамбеткәрім — қаламгер, заңгер, құқық қорғаушы және шежіреші-тарихшы, журналист, «Үш намыс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қоғам белсендісі;
ШЫМШЫҚОВ Жанкелді — Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ
ұйымдастыру комитетінің төрағасы;
ҚАДЫРБАЕВА Айсұлу – ақын, қоғам қайраткері;
ЖАНДАРБЕК Зікірия — тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Түркістан университетінің профессоры;
ҒАБДОЛЛА Қажымұқан – «Қазақ Елі» газетінің Бас редакторы;
ҚАНАТБАЕВ Серік — ветеринария ғылымд. докторы, қоғам белсендісі (Орал);
ОШАНБЕКОВ Нұржан – «Ел мен жер» қоғамдық ұйымының директоры;
АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;
ШАЛАБАЕВ Құсман – философия ғылымдарының докторы, Алматы қаласы «Қазақ тілі қоғамының» Төрағасы;
САГИДУЛЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;
ЕРҒАЛИЕВА Баретта — Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының Төрайымы;
ЕРҒАЛИЕВА Гүлжан – журналис, қоғам қайраткері;
ЕГЕУБАЕВ Айдын – «Ұлы дала» қозғалысының Төрағасы;
ОРЫС Мамырбай- қоғам белсендісі;
ӘЛІБАЕВ Айдар — экономист, ЖСДП Президиум мүшесі;
ИСА Жасұлан – қоғам белсендісі, заңгер;
ӘУБӘКІР Арман – «Адырна» республикалық қоғамының Төрағасы;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері
ТӨРЕХАНОВ Эрнст — жазушы, қоғам қайраткері;
МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;
МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын, қоғам белсендісі;
ҚАПТАҒАЙ Қ. — «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;
ҚУАТ Дәурен — «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі;
СӘДУҰЛЫ Бисенғазы — «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлест. Төрағасы;
ӘЗІМБАЙ Ғали — саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;
ҚОЖЫҚОВ Жәнібек – қоғам белсендісі (Маңғыстау обл.);
БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері (Павлодар);
АҚАБАЙ Гүлнар – кәсіпкер, қоғам белсендісі;
АЙБАТОВА Анар – қаржыгер, қоғам белсендісі;
АХМЕТОВ Әзілхан — республикалық «Ұлт мектебі» жорн. Бас редакторы;

Ұялы тел.: +7 775 726 2054, +7 707399 7667 (Уайс Ерсайынұлы, Маңғыстау), +7 771 149 71 81 (Әзілхан Ахметов, Шымкент)
E-mail: worldcongr20@gmail.com.

PS: Құрылатын Комиссияға мүшелікке кандидаттар жоғарыдағы тел. мен эл. пошталарға хабарлауын сұраймыз.

Қазақстан Альянсы мүшелері отандастарымызды осы атпен құратын партияға кіруге шақырады. Жаңа Қазақстанды адал, белсенді, елін сүйіп, оған қызмет ететін, Қазақ халқының жанына топтасқан «тілі бір болмаса да тілегі мен жүрегі бір» қазақстандықтар жасайды.
МАМЫҚОВА Нәзипа – «Саясат-Ақпарат» газетінің Бас редакторы (Шымкент);
ӘШЕТАЙ Рүстем –Ұлттық әлеуметтік даму қорының президенті (Шымкент);
НАРЫМБЕТОВА Бисенкүл – «Қызмет» газетінің Бас редакторы (Шымкент);
ДӘБИ Рысбек – ақын, Жазушылар Одағының мүшесі (Шымкент);
БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналис, ғалым;
ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны, қоғам белсендісі;
МҰҚАНОВ Дәурен — аудармашы, әдебиеттанушы;
БӨТЕЕВ Марат — «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;
ТӘЛІМҰЛЫ К. — Талғар аудандық мемл. тілді оқыту орталығының директоры;
АШУҰЛЫ Ж. — Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;
МҰХТАРБЕК С. — журналист, қоғам қайраткері;
ҚАНАФИЯ Назарбек — филология ғылымдарының кандидаты;
КӘРІПЖАН Аманғазы – ақын, қоғам қайраткері;
САТҚАНОВ Дәурен — тележорналис, қоғам белсендісі;