18 жастағы жігіт Каспий теңізіне суға батып кетті

0

Маңғыстау облысында жас жігіт суға кетті, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 7 маусым күні кешкі 16.20 кезінде құтқару қызметіне Ақтау қаласы Самал-2 ықшамауданында теңіз жағалауында бір адамның суға кеткені туралы хабар түскен.

«Суға кеткен адам — 2004 жылы туған Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы. Бозбала Маңғыстау өнер колледжінің 1-курсында оқып жүрген, сол оқу орнына қарасты №5 жатақханада тұрған. Қазіргі уақытта марқұмның денесін іздеу жұмысы жүріп жатыр», — дейді Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері, аға лейтенант Азамат Төлегенов.