18, 19, 20 сәуір ауа райы: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент
Қысқа сілтеме алу
«Қазгидромет»» синоптиктері 18-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Кей өңірлерде тұман болады
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. «Қазгидромет»» синоптиктері 18-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Кей өңірлерде тұман болады.
«Батыс және солтүстік-батыс аймақтары атлантикалық циклонның ықпалында болады, мұнда найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз, ауа температурасы солтүстікте плюс 20-28 градус, ал оңтүстікте 25-33 градус ыстық», — деп хабарлады синоптиктер.
Ірі қалалардағы ауа райы
18 сәуір күні астанада күндіз +19, түнде 4 градус жылы. Күн ашық болады.
Алматыда да астанадағыдай +19 градус шамасында болады. Түнде +8 градус.
Шымкентте 18 сәуір күні 21 градус жылы, түнде +8.
Жексенбі күні елордада күндіз 20 градус нөлден жоғары, түнде +5. Көшпелі бұлт.
19 сәуірде Алматыда +19 градус жылы, күн ашық, түнде +10.
Ал Шымкентте +23 градус, күн ашық. Түнде шамамен 10 градус жылы болады.
20 сәуір күні астанада +23 градус жылы, түнде +7 күн ашық.
Дүйсенбі күні де ауа райы алматылықтарды қуантады. Күндіз +20 градус нөлден жоғары. Түнде +11 шамасында.
Бұл күні Шымкентте +24 градус жылы, күн ашық, түнде +9
sputniknews.kz