Нұр-Сұлтанда екі апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

0
25

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Елорда полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен 31 жастағы әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың полиция департаментіне сілтеме жасап.

«15 сәуір кешкі сағат 23.03-те қырқыншы станса ауданында іздеу жұмыстары кезінде бұған дейін жоғалып кеткен Нұр-Сұлтан тұрғынының мәйіті табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ», -делінген хабарламада.

Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүріп жатыр.

Елорда тұрғыны 2 сәуірде күндіз үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Әйелдің жоғалып кеткені туралы инстаграмдағы eto_astana_detka паблигінде хабарланған болатын.

Іздеу жұмыстарына қаланың полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Оны іздестіруге еріктілер де қатысты.



sputniknews.kz