17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық ауа ағындар өтуіне байланысты республика бойынша барлық жерлерде жауын-шашын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіліп, жел күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
BAQ.KZ