17 жастағы Еркеназ Сейфулла «Астана аруы-2018» атанды — Мәнер
17 жастағы Еркеназ Сейфулла «Астана аруы-2018» атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сұлулық байқауының жеңімпазы Қазақ Технология және бизнес университетінде «Дизайн» мамандығы бойынша оқиды.
Ал бірінші вице-ару атағын 22 жастағы Александра Беглова жеңіп алды. Ол «Наз» Мемлекеттік би театрында жұмыс істейді екен. Екінші вице-ару атағы 21 жастағы Сания Мерғалиеваға бұйырды. Ол Қазақ мемлекеттік заң университетінде (ҚазМЗУ) оқиды.
Диана Ыдрысова есімді қатысушы үшінші вице-ару жеңіп алды. Байқау қатысушысы кеше 22 жасқа толды. Ол Қазақ мемлекеттік заң университетінде «Юриспруденция» мамандығы бойынша оқиды.
Енді «Астана аруы-2018» байқауының жеңімпазы «Қазақстан аруы -2018» байқауына қатыса алады. Сондай-ақ, оған Еуропа елдерінің біріне саяхаттау мүмкіндігі беріледі. Айта кетейік, осы атаққа 20 қатысушы таласқан болатын. Олар екі апта бойы белсенді түрде дайындалған болатын.
Сондай-ақ, «Астана аруы-2018» сүйіктісі жоқ екенін айтып өтті.
Айта кетейік, байқау финалын тележүргізуші Динара Сәтжан мен әнші Бүркіт жүргізді.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz