Ресейде нацистік символдарға салған тыйымды жұмсартуды ұсынды

0

Ресей Мемлекеттік думасының депутаттары нацистік және экстремистік бейнелерді тарихи оқиғалар аясында көрсетуге рұқсат беруді ұсынды. Бұл туралы РБК медиахолдингі хабарлады.

Биыл қаңтарда Архангельск соты қала тұрғыны Михаил Листовқа «Вконтакте» әлеуметтік желісінде 1945 жылғы жеңіс парадының суреттерін жариялағаны үшін айыппұл салған. Тарих оқулығынан алынған суреттерден жасырын нацистік штандарттарды байқауға болады. Кейін штандарт алынып тасталған.

Заң жобасында азаматтарды экстремистік суреттерді насихаттамайтын мақсатта қолданғаны үшін жауапқа тартпау жайы қарастырылған. Құжатта нацистік және экстремистік символдарды оқулықтарда және ағартушылық мақсатта, оларды айыптаған жағдайда ғана пайдалануға рұқсат беру ұсынылған.

Депутаттар Елена Ямпольская мен Василий Пискарев қолданыстағы заңдардың ережелері айқын емесін, сол себепті теория жүзінде нацистік белгілер пайдаланылған барлық деректі фильм, кітап пен оқу құралдарына тыйым салынуы мүмкін екенін айтады.

Ақпан айында Архангельск облыстық соты айыппұл салынған Михаил Листовты ақтаған. Судья нацистік символдарды ұстаған совет солдатының суреттерін нацизмді насихаттайды деуге болмайды деп таныған.

Дереккөз: Азаттық