Home Жаңалықтар 16 жастағы қазақстандық АҚШ-тың ең жас магистранты атанды

16 жастағы қазақстандық АҚШ-тың ең жас магистранты атанды

0
342

Қазақстандық 16 жастағы вундеркинд Абзал Мыраш АҚШ-тың Нотр-Дам университетінің компьютерлік ғылым және инженерия факультетінің магистратурасына түсті, деп жазды Хабар 24 арнасын.

Ол Қазақ-британ техникалық университетінің «Ақпараттық технологиялар» мамандығын небәрі 12 жасында аяқтаған болатын.

Енді магистратураға түсіп, бірнеше семестр өткен соң, жоғары оқу орнының басшылығы оны доктарантураға ауыстыруды жоспарлап отыр.

Абзал Мыраш бұдан бөлек, доктарантураға түсу үшін, University of Pennsylvania, MIT, Harvard University, Princeton University, Yale University және басқа да университеттерге өтінім жолдаған. Алайда, аталған ЖОО-ы өз талаптарына сәйкес, тым жас студенттерге доктор мәртебесін бермейтін көрінеді.

Бірақ Абзал магистратурадағы оқуы бастала салысымен, компьютерлік ғылымдардың PhD бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер жасауды бастамақ. Осыдан кейін ол Computer Science and Engineering мамандығы бойынша PhD докторантураға ауысуға өтінім бере алады.

ҰБТ-да шекті балл ала алмаған түлектер жоғарғы оқу орнына түсе ала ма АҚШ-тағы оқуы аяқталған соң, Абзал елге қайтуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, бұған дейін Токио Олимпиадасына қатысатын 12 жастағы британиялық спортшы жайлы жазған едік. Скай Браун скейтбордингтен сынға түседі. Жасөспірім қыз Ұлыбритания құрамасының тарихындағы Олимпидаға қатысатын ең жас спортшы болмақ.