16 наурыз күні Тоқаев Түркияға іс-сапармен аттанады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкараға іс-сапармен барады. Онда түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммиті өтеді.
«Іс-шара барысында төтенше жағдайларды басқару және гуманитарлық көмек көрсету саласындағы ОТГ қызметінің өзекті бағыттары, оның ішінде табиғи апаттармен күресте өзара іс-қимылды үйлестіру мен нығайтуға байланысты мәселелер қаралатын болады. Сапар аясында Мемлекет басшысының Түркия Президентімен кездесуі де жоспарлануда», — делінген Ақорданың хабарламасында.
Ақпарат: http://t.me/orda_kz
Фото: inform.kz