Әйгерім Қалаубаеваны «қызғанған» Нұрлан Әлімжан желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

0

Әлеуметтік желіде қос әнші Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанның видеосы тарады.

Қалаубаева TikTok желісінде әріптесінің өзін өзге әншіден қызғанған сәтін жариялап қойды.

Видеода Әйгерім Қалаубаева өнердегі екі әріптесі — Нұрлан Әлімжан және Әзімбек Байлинмен тұрғанын көруге болады. Видео әзіл мақсатында түсірілсе де, желі қолданушылары Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаеваны жұптастырып үлгерді.