«1500 доллар берсең, мемлекеттік бағдарламамен үй алып береміз»: Алматыда алаяқ ұсталды

0

Алматылық жігіт өзінің таныстары арқылы үй алып беру мәселесін тез шешіп бере алатынын айтып, тұрғындарды алдаған. Ол бұл қызметі үшін 1500 АҚШ доллары көлемінде ақша алатынын айтқан.

Бұл туралы KzNews.kz ақпараттық агенттігі Алматы қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта оған 20 қылмыстық эпизод бойынша айып тағылып отыр.

«Күдікті — Г.есімді азамат, өзін ипотекалық ұйымдардың бірінің қызметкері ретінде көрсете отырып, өзінің құрбандарына пәтер бере аламын немесе мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана алу кезегін жеделдетемін деп сендірді. Шындығында, жұмыссыз адам азаматтарды өздерінің туыстары мен достарын әкелетіндей етіп сендірді. «Көмек» көрсеткен қызметі үшін ол кем дегенде 750 мың теңге ақшалай сыйақы талап етті.

Ол «қызметтің» күрделілігіне байланысты әркімнен әртүрлі соммалар алды. Әрине, қалада өз бұрышын алғысы келген азаматтар ештеңесіз қалды. Қаскөй өз міндеттерін орындағысы келмеген және өз қажеттіліктері үшін ақшаны ысырап еткен. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы — алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды келесі нөмерлерге хабарласуларын сұраймыз: 254-48-02; 254-48-09 », — деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

Алматы полициясы азаматтарды қырағылық пен адамдарға көп сене бермеуге шақырады. Тәртіп сақшылары кез-келген қызмет үшін тікелей ұйыммен байланысуға кеңес береді.