Алматыда алғашқы қарда 39 жол апаты болып, 2 адам қайтыс болды

0

Түнде Алматыда қардың салдарынан 39 апат болды. Бұл туралы қалалық полиция хабарлады.

Екі адам алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Алматы полициясы жүргізушілерді жолдарда абай болуға шақырып, көліктерін дайындауды, дөңгелектерін қысқы дөңгелектерге ауыстыруын сұрады.

Алматы әкімдігі қалада бір түнде төрт-жеті сантиметр, ал таулы аймақтарға 10-12 сантиметр қар түскенін хабарлады.

«Тек кешегі кештен бастап Алматыда 39 жол-көлік оқиғасы болды, оның тоғызы зардап шеккен. Өкінішке орай, екі адам қайтыс болды», — деді полицияда.