15 жасар қыз қабағын тестіремін деп көз жұмды

0
729

Бразилияның Минас-Жерайс штатында 15 жасар қыздың қабағын тестіремін деп инфекция жұқтырып, жүрегі тоқтап қалған.

Изабела Эдуарда де Соуса анасынан қасын тесуге рұқсат сұраған. Бірақ қыздың отбасы оған рұқсат бермепті. Алайда қыз отбасын тыңдамай, қабағын тестірген.

Қыз досынан үй жағдайында қабағын тесуге көмектесуін сұраған. Процедура барысында қыз нфекция жұқтырған. Ол қабағын тестіргеннен үш күннен кейін көз жұмды.

Қыз жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Ауруханада қыздың жүрегі төрт рет тоқтап қалған. Артынша ол басқа медициналық мекемеге ауыстырылды, бірақ қызды құтқару мүмкін болмады.

Дәрігерлердің айтуынша, егер қыз тірі қалса, пирсингтің салдарынан көзікөрмей қалатын еді.