«14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылады»: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі түсініктеме берді

Қазақстандықтар мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы ақпаратпен бөлісіп жатыр. Хабарлама Премьер-Министрдің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. Бұл – бұрмаланған ақпарат.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.