14 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі
2018 жылғы 14 желтоқсан 07:00
АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 14 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.
14 желтоқсан, ЖҰМА
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1992 жылы Қазақстан халықтарының форумы өтті. Онда жаңа қоғамдық институт — Қазақстан халықтарының келісімі мен бірлігі Ассамблеясын құру туралы ұсыныс білдірілді.
2009 жылы АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия ісі бойынша орынбасары Роберт Блейк алғаш рет Орталық Азиядағы бас консулдығын Алматыда ресми түрде ашты.
2011 жылы Астанада Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры мен М. Горький атындағы Орыс драма театрына академиялық дәреже берілді.
Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық академиялық драма театры 1991 жылы құрылған. Ал М. Горький атындағы Орыс академиялық драма театрының тарихы 1900 жылдан басталады.
2012 жылы Мемлекет басшысы — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы жаңа опера және балет театрында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс барысында «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын таратты.
2012 жылы қазақстандықтардың Оңтүстік полюске жасаған экспедициясының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына естелік сыйлық тарту етілді. Мемлекет басшысының атына жазылған ілтипат жазбасы түсірілген экспедицияның эпизодтары бейнеленген картина-коллаж және Жер шарының Оңтүстік шарының географиялық координаттары түсірілген бедерлі көшірме мен Оңтүстік полюсқа тігілген «Нұр Отанның» Туын тапсырды.
2012 жылы Варшавада Қазақстан-Польша ынтымақтастық және даму кеңесі құрылды. Бұл кеңес Қазақстан мен Польша арасындағы серіктестік платформасын қалыптастыруға, екі ел арасындағы сауда-ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал етеді.
2013 жылы Қызылорда облысының әкімдігі Фирдоусидің ұлы шығармасы «Шахнама» — 48 дискіден тұратын музыкалық антологиясын шығарды. Шығарманы 1936 жылы Тұрмағамбет Ізтілеуов қазақ тіліне аударған болатын.
2016 жылы республикалық маңызы бар ең маңызды ғимараттардың бірі — Ертіс өзені арқылы өтетін Орта Азиядағы ең үлкен көпір ашылды. Көпірдің құрылысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен басталды және ол «Нұрлы жол» бағдарламасының бір бөлігі саналады.
2017 жылы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA) Ислам қаржы қызметтері кеңесінің (IFSB) толыққанды мүшесі болды.
2017 жылы 116 жолаушысы бар, алдыңғы шассиі жоқ ұшақты сәтті қондыра білген ұшқыш, Қазақстанның халық батыры Дмитрий Родин «Жыл патриоты» құрмет белгісімен наградталды.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz