Өзбекстан прокуратурасы: Экстремистердің «қара тізімі» жойылды

0

Өзбекстан Бас прокуратурасы діни экстремизм күдігіне ілінгендерді арнайы тізімге («қара тізім») енгізетін жүйе енді болмайтынын мәлімдеді.

Бас прокурордың орынбасары Эркин Юлдашевтың 20 желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеуінше, бұдан былай Өзбекстанда экстремизммен күрес тәсілі түбегейлі өзгереді.

«Жақында қабылданған экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес, енді негізінен экстремизмнің алдын алу жұмыстарына көңіл бөлінеді» деді Эркин Юлдашев.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 8 желтоқсанда конституцияның қабылданғанына 26 жыл толуына орай экстремистік топтармен байланысы бар деп күдікке ілінген 20 мыңға жуық адамның арнайы тізімнен шығарылғанын мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз