14 тәулікке оқшаулау: Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа жарлыққа қол қойды

0

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды.

Жаңа жарлыққа сәйкес, соңғы 14 күнде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барған адамдар 14 күн бойы үйде оқшауланады (үй карантині).

«Үй карантині үшін оқшаулау теріс нәтижесі бар ПТР сертификатының болуына және COVID-19 вакцинациясына қарамастан жүзеге асырылады.»

Соңғы 14 күнде Мальдив аралына барғандар екі апта бойы дәрігерлердің бақылауында болады.

Толық мәтін:

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күнге үйде оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етсін. Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар Анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарғы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі;

2) соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдардың тізімдерін ұсынуды қамтамасыз етсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандарына Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдардың тізімдерін ұсынуды қамтамасыз етсін.
  3. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті:
  • Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіруді және осы қаулыға қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алуды;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне және облыстар мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдар бойынша ақпарат жіберуді қамтамасыз етсін.
  1. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы үйде оқшаулауды және медициналық бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді осы қаулымен таныстырсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

8. Осы қаулы 2021 жылғы 17 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.