14 қараша күнгі ауа райы болжамы

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

0
11
Advertisement

14 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстік пен шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын соғады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау, түнде және таңертертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз