11 жасар бала қайтыс болды: Қарағандыда мотоцикл мінген жасөспірімдер жол апатына ұшырады
Қарағанды облысында жол апатынан 11 жасар жасөспірім қайтыс болды.
5 маусымда Жезқазған-Қарағанды тас жолында 14 жастағы жасөспірім басқарған «Восход» мотоциклі мен 42 жастағы ер адам басқарған «Тойота Камри» автокөлігі соғылып жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Қарағанды қаласының баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, мотоцикл жүргізушісі қозғалыс бөлігін солдан оңға қарай кесіп өтіп, көлікпен соқтығысқан.
Апат салдарынан 11 жастағы мотоцикл жолаушысы жарақат алып, қайтыс болды. Әр түрлі жарақаттар алған мотоцикл жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.