Шығыста – үсік, оңтүстікте – аптап: 6 маусымға арналған ауа райы

0
637

6 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал.

Тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік және шығыста тұман түседі.

Қызылорда облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с шаңды дауылмен, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде нйазағай, дауыл, шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында найзағай күтіледі, жел найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.

Күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында түнде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысында, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.